Бүгін қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Кітап – рухани азық» атты онлайн байқаудың жеңімпаздары марапатталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараға Нұрдәулет Қилыбай мен 95 жастағы ұстаз Салиха Ыдырысова қатысып, жүлдегерлерге қаржылай сыйлық пен кітап табыстады.
Байқауға қатысуға ақтаулықтардан 50-ден аса өтініш келіп түсті. Соның ішінде 6-9 жас аралығында №13 орта мектептің оқушысы Айша Таңатар, №14 орта мектептің оқушысы Фатима Әлімова, №5 орта мектептің оқушысы Евгения Зайчикова және №20 орта мектептің оқушысы Әлихан Қосай жеңімпаз атанды.
Ал 10-13 жас аралығында №11 орта мектептің оқушысы Ерхан Жолдас, №12 орта мектептің оқушысы Іңкәр Серікқалиқызы мен №12 орта мектептің оқушысы. Жаннұр Қанабаева үздіктер қатарын толықтырды.
Еске сала кетейік, байқау 6-17 жас аралығындағы ақтаулық кітапсүйер оқушылар мен жастардың арасында өткен болатын. Негізгі мақсат – олардың отансүйгіштігін арттыру, кітапқа құмарлығын ояту, әдебиетке сусындату.