Ақтау гарнизонының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның қаңтар айындағы жұмыстарына талдау жасалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Отырыста Ақтау гарнизонының бастығы, Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, әскери полиция бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі аға офицері, әскери бөлімдер командирлерінің қатысуымен өткізілді. Жиын барысында қаңтар айындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия мүшелерінің атқарған жұмыстары жөнінде басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Жиынды ашқан Ақтау гарнизонының бастығы гвардия подполковнигі Жаннұр Сатқынов 2021 жылы сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтары гарнизонының әскери бөлімдерінде мүлдем жол бермеу жайлы ескертті.
Жиынның басты мақсаты – ҚР Қарулы Күштерінде заңдылықтың мүлтіксіз орындалуы және сақталуын қамтамассыз етіп, құзіреттеріне сәйкес сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтардың және қылмыстардың алдын алып, ескерту шараларын ұйымдастырып, болған мән-жайды жою, анықтау және әшекерлеу болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – сіздің және біздің басты міндетіміз!» - деп атап өтті Ақтау гарнизонының әскери полиция бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі аға офицері әділет аға лейтенанты Елдос Мерекеев.
Жиын соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның төрағасы бір қатар тапсырмалар беріп, комиссия отырысына қоғамның беделді өкілдерінің қатысу мәселесі пысықталды.
Айта кетейік, іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып өткізілді.