• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 2 Тамыз 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда тематикалық саябақ ашылды...

Карантин: Облыста жаңа қаулы жарияланды...

"Маңғыстау Медиа" басшысы Айсұлу Дутбаева марапатталды...

Журналист Жалғас Айтқұлов өмірден озды...

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Ақтаудағы медициналық нысандарда...

  • USD: 424.44 ₸
  • EUR: 504.91 ₸
  • RUB: 5.81 ₸

Босалқы жерлер игерілсе...

[ 2020 ] 24 қазан, 11:44  |  Маңғыстау жаңалықтары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда жерге байланысты бірнеше мәселені көтерді. Жер шетелдіктерге сатылмайды деп кесіп айтты. Сонымен қатар келер жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жоятынын да алға тартты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуге тиіс» деді. Осы орайда облыстағы ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері өздеріне тисті жерді игеруде ме? Жер мәселесіне байланысты қордаланған түйіндер шешімін қалай табуда? Осы сұрақтар төңірегінде Маңғыстау облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағамбетовпен сұхбаттасқан едік.

- Облыста ауыл шаруашылығына арналған игеріл­мей, бос жатқан жерлер бар ма?

Жалпы бос жатқан жерлерді екі санатқа бөліп қараған дұрыс деп ойлаймын. Біріншісі – елді мекендерге тиесілі бос жерлер, олар бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарға сәйкес игерілуге тиісті жерлер. Екіншісі – ауыл шаруашылығы мақсатына берілетін жерлер. Ол жерлерге өздеріңізге белгілі бас жоспар құрылмайды. Қазіргі таңдағы статистикалық мәлімет бойынша 5 миллион гектардай жер ауыл шаруашылығы пайдаланушыларында. Алайда космостан жүргізілген бақылауға сәйкес Маңғыстауда 2 миллион 297 мың гектар жер пайдаланылмай, бос жатыр деп көрсетілген. Себебі жайылымдарда мал жоқ немесе жердің көлеміне сай малдың саны аз. Заң талабы бойынша шаруа қожалықтарға берілген жердің 20%-да мал жайылып жүрсе, ол жер игерілуде деген сөз. Олай болмаған жағдайда, жер тиімсіз пайдаланылып жатыр деп есептеледі. Осыған орай жыл басынан бері жасалған жұмыстардың нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар шешімімен 1 миллион 940 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарып алынды. Жалпы Маңғыстаудың жері 16 миллион 500 мың гектардан асады. Бүгінгі күнгі есеп бойынша соның 9 миллион 700 мың гектардай жері пайдаланылмай, мемлекеттік қорда бос жатыр. Алайда келер жылы бұл сандар өзгереді. Яғни ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылып жатқан 5 миллион гектар жер 3 жарым миллионға азаяды да, ал 9 миллион 700 мың гектар босалқы жер қоры 11-12 миллионға дейін көбейеді. Салыстырмалы түрде біздің облыста бос жатқан жерлерге деген сұраныс аса көп емес. Соңғы жылдарды талдап қарасақ, ауыл шаруашылығы жерлеріне жыл сайын 50-70 мың гектардай жерге сұраныс болған. Олар конкурс арқылы берілуде. Конкурста кімнің жобасы тиімді, халықты жұмыспен қамтуға қолайлы, соның ұпайы көбірек болады.

- Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді кәсіпкерлерге қанша гек­тардан және неше жылға жалға береді?

Қазіргі кезде аудандық әкімдіктер ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстар арқылы 500–1000 гектардан беріп отыр. Алайда бүгінгі таңда үкімет тарапынан жердің бір тұлғаға тиеселі шекті мөлшері есептеліп жатыр. Бірақ ол 1000 гектардан көбірек болады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер 49 жылға дейін жалға беріледі. Мерзімі аяқталғаннан кейін қайта ұзартуға болады.

Президент қыркүйек айындағы Жолдауында «Келесі жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер­лерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мороторий кү­шін жояды» деді. Бұл жер пайда­ланушыларына қаншалықты пай­далы болмақ?

2016 жылы жер мәселесіне байланысты толқулар болғанын өзіңіз білесіз. Соның негізінде жерді сатуға, жеке меншікке өткізуге байланысты 5 жылға мораторий жаряланған болатын. Заң аясында ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке сатуға шектеу қойылып, уақытша пайдалануға беру қарастырылған. Сонымен қатар жалға берілген жерді келесі адамға сатуға, жалға беруге болмайды. Тек өзі пайдалану керек. Пайдалана алмаса мемлекет меншігіне қайтарып беру керек. Ал мораторийдің мерзімі аяқталғаннан кейін халықтың пікіріне сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады. Шетелдіктерге жер сатылмайды. Оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев нақты айтты.

- «Қала маңындағы елді мекендер­ден жер алуға кезекте тұрған тұр­ғындарға жер берілмейді, есесі­не көп қабатты үйлер салынып, пәтерлер беріледі» деген хабарды құлағымыз шалған еді. Бұл жоспар жүзеге асып жатыр ма?

Иә, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша типтік үйлер, соның ішінде көп қабатты үйлер салынып, жер кезегінде тұрған азаматтарға ипотека, несие негізінде берілу керек деген ұсыныс болған. Алайда бұл мәселе қаражатқа байланысты қазіргі кезде тоқтап тұр. Дегенмен халықтың сұранысы әлі де зерттелуде. Үйдің де шаршы метрінің құны нарықтағы бағаға сай зерттеуді талап етеді.

- Бос жатқан жерлердің тиісті деңгейде игерілмеуі қаншалықты тиімсіз?

Жалпы пайдалануға берілген жерлер игеріліп, экономикалық айналымға еніп, ел игілігіне қызмет етуі тиіс. Халық бос жатқан жерлерді бүлдірмей, құнарын сақтап игеріп, пайдасын көргені дұрыс қой. Себебі салыстырмалы түрде Маңғыстаудың 16 миллион гектар жері бар, бірақ халық саны 600-700 мыңдай. Мысалы, Қырғызстанды алатын болсақ 20 миллион гектар жерде 5-6 миллион халық өмір сүріп жатыр. Сондықтан Маңғыстау тұрғындарына бос жатқан жерлерді емін-еркін игеріп, табыс табуға мүмкіндік мол.

- «Бос жатқан жерді игеріп, та­быс тауып отырған кәсіпкерлер­дің салғырттығынан Шетпе тұр­ғындары денсаулығымызға қауіп төніп тұр» деп дабыл қағуда. Бұл мәселе қалай шешілуде?

Шетпе ауылының маңында орналасқан карьерлердің шаңына қатысты үлкен мәселе бар. Ол мәселе – барлығымызға да қиындық тудырып жатыр. Қордаланған түйінді шешуге бағытталған шаралар қолға алынуда. Бірақ шынына келгенде, шеше алмай жатырмыз. Карьерлер өздеріне тиісті шараларды қолға алуы мүмкін, мысалы, шаңды басу үшін су себу деген секілді. Бірақ орталықтағы тасымал жол арқылы ірі көлемде шаң пайда болып, тұрғындарға әсер етуде. Орталықтағы жол мәселесі карьерлерге тікелей қатысты болмағанмен, сол жерде шығарылған өнім осы жолдар арқылы тасымалдануда. Сондықтан бұған карьер иелері де атсалысып шаң шығармау үшін асфальт жол төселу керек деп ойлаймын. Біз қазіргі таңда карьер иелеріне ұсыныс жасап жатырмыз. Бірақ жол салу мәселесі әлі шешілген жоқ. Дегенмен әкімшілік тарапынан бірнеше шаралар қолға алынуды. Атап айтқанда, таудан түсіп, республикалық жолға қосылатын жолдар қазіргі кезде жабық тұр. Одан бөлек экологиялық тексеріс барысында анықталған заң бұзушылықтарға жол берген бес-алты мекеменің жұмысы тоқтап тұр. Карьерлерді басқа жерге көшіруге тағы болмайды. Себебі жол, құрылысқа арналған шебін, басқа да сапалы тас түрлері Шетпенің маңында ғана кездеседі. Одан бөлек экономикаға да біршама шығын келеді. Сонымен қатар ол жерде бірнеше ондаған адам жұмыс жасап, отбасын асырап отыр. Жақында шаңға байланысты Шетпе тұрғындарымен, қоғам белсенділерімен, блогерлермен бірлесіп жиналыс өткіздік. Жиналысқа қатысушылар тарапынан шаңға қатысты пікірлер айтылды. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

- Жерге байланысты заң бұзушы­лықтар орын алып жатады. Бұл да – үлкен мәселелердің бірі. Атал­ған заң бұзушылықтарды болдыр­мау мақсатында қандай шаралар атқарылып жатыр?

Жер мәселесінде сыбайлас жемқорлық көп деп айтып жатады ғой. Ондай жағдайлар негізінен жер беру кезінде орын алған. Соның салдарынан былтырғы жылы облыста жерді аукцион, конкурссыз пайдалануға берген бірнеше лауазымды тұлғалар қылмыстық жазаға тартылды. Облыс көлемінде осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін тиісті шаралар қолға алынуда. Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсетудің қағидалары Ауыл шаруашылығы министрлігімен бекітіліп, қызмет түрлері электронды форматқа көшірілуде. Заң талабы бойынша жер учаскелері аукцион, конкурс арқылы берілуі тиіс. Бүгінгі күні облыс бойынша Ақтау, Жаңаөзен, Қарақия ауданы электронды сауда-саттық форматына көшті. Осы алынған шаралар жер саласындағы заң бұзушылық, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтарды төмендетуге ықпал етеді деп санаймын.

- Сұхбатыңызға рақмет.

Айгүл ОРЫНБАЕВА

587
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары сұхбат
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Жаңаөзен: Жасарып, жаңара бер, туған қалам!

Келесі жаңалық

Өңір дамуының өзекті қырлары

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    1609

    Баспасөздің биік белестері

    29 маусым, 15:00
    1003

    Шахмат мүсіндері шаһар шырайын кіргізбек

    20 мамыр, 18:10
    387

    Интернет алаяқтарының арбауынан сақ болыңыз!

    10 сәуір, 13:01
    474

    Туризм мен құрылыс саласы мамандарға зәру

    6 сәуір, 17:46
    412

    Батырбек Естаулетов: Вьетнам, Иран, Тайланд спортшылары – басты қарсыластарымыз

    18 наурыз, 09:33
    996

    Рубрикалар

      Редакция газеттеріХабарландыруТүпқарағанБіле жүріңізРедакцияБейнеуСараптамаСұхбатЖаңаөзен - 50 жылЭкономикаФотоҚұқық

    Автордың басқа да жазбалары

    Жан керек пе, мал керек пе?

    Бүгін 17:00
    5

    Облыста үш күнде 256 нысанға рейд жасалды

    Бүгін 16:13
    19

    "Екпе ал да, пәтер ұтып ал": 6 тамыз күні жеңімпаз анықталады

    Бүгін 15:49
    43

    Қазақ күресінің «Қара бурасы»

    Бүгін 15:20
    35

    43 градус аптап: Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде күн қатты ысиды

    Бүгін 14:56
    30

    Облыста жансақтау бөлімдерінде 107 адам жатыр

    Бүгін 14:42
    33

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»