Маңғыстау облысында өтіп жатқан "Екпе ал да, пәтер ұтып ал" науқаны аяқталуға жақын. 6 тамыз күні басты сыйлық екі бөлмелі пәтердің иесі тікелей эфир арқылы анықталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, науқанға қатысуға әлі де уақыт бар. Ол үшін вакцинаның алғашқы компонентін аласыз, сізге арнайы номер беріледі. Сол арқылы өз жеңісіңізді күтесіз.
Еске сала кетейік, әр жұма сайын қатысушылар бағалы сыйлықтарға ие болған. Ал бұған дейін сыйлыққа ие болған тұрғындар әрі қарай науқанға қатыса алмайды.
Марапаттау рәсімін @mangystautv.kz телеарнасы мен @nurekekuanyshbai3007 парақшасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар!