• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 19 Қырк. 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Электр энергиясын талан-таражға салып жүрген кімдер?...

Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды ...

Кадрлық тәжірибе алмасу - маңызды...

Боранқұлдағы өрт: Жараланғандардың жеке бас деректері белгілі болды...

Маңғыстаудың денсаулық сақшылары «Сенімге» сенеді...

  • USD: 425.3 ₸
  • EUR: 501.05 ₸
  • RUB: 5.85 ₸

Қазақ күресінің «Қара бурасы»

2 тамыз, 15:20  |  Маңғыстау жаңалықтары

Жақында түбек тұрғындарын елең еткізген қуанышты хабардың куәсі болдық. «Қазақстан барысы» палуандар жарысынан жерлесіміз Нұрдәулет Жарылғапов қола белбеуді жеңіп алып, Нұр-Сұлтан қаласынан абыроймен оралды.

Осы қуаныш орайында облыс әкімі Серікбай Трұмов палуанды бапкерімен бірге қабылдап, жеңімпазға - пәтер, бапкеріне - 1 миллион теңге сыйақы тарту етті.

Жағымды жаңалықтардың негізінде жеңіс иесінің шетелге жүріп кетуіне байланысты бізге палуанның жеке бапкері Қайрат Борбасовпен аз-кем сұхбат құрудың сәті түсті.

- «Қара бура» лақап атымен Маңғыстаудың намысын қорғап жүрген оқушым Нұрдәулет Жарылғапов Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылының баласы. Мектеп бітіріп 9 сыныптан кейін Ақтау қаласына оқуға түсіп, маған жаттығуға келе бастады. Күреспен айналысып жүргеніне биыл 8 жыл. Жасы жиырма бесте, үйленген, бір кішкентай қызы бар, - деп палуанның отбабасы туралы мәлімет беріп өткен соң, бапкер жарыс туралы әңгімеге көшті.

«Жыл сайын Тұңғыш Президентіміз Н. Назарбаевтың жүлдесі үшін арнайы ұйымдастырылып, шілде айының басында өткізіліп тұратын «Қазақстан барысы» республикалық турнирі биыл оныншы кезек боз кілем үстінде қазақстандық палуандардың басын қосты. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығын мерекелеу аясында республикалық турнирге 14 облыс және Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларынан 2 палуаннан, әскер барысынан 2 палуан, былтырғы жеңімпаздың іріктеусіз қатысуымен барлығы 37 палуан бақ сынады. Аталмыш жарысқа биыл біздің облысымыздан Нұрдәулет пен Жасұланбек атты 2 палуан қатысты.

Бұл 10 жылда облысымызға, бүкіл батыс аймаққа келіп отырған алғашқы жүлде. Он жылдық тынымсыз еңбектің нәтижесі, ұзақ жылдар бойғы үздіксіз даярлықтың жемісі. Бұрын-соңды бұл жарыстан батыс аймақтағы 4 облыстан бірде-бір палуан жүлделі орынға ие бола алмаған еді. Биыл шәкіртім Нұрдәулет Жарылғаповтың бағы жанды. Бұл жерлестеріміз үшін үлкен қуаныш.

«Қазақстан барысы» спортсүйер жасөспірімдерді қазақ күресіне ынталандырудың биік үлгісін көрсетіп отырған республика көлеміндегі ең үлкен жарыс деп айтуға болады. Бірінші орын алған палуанға 25 млн, екінші орын алған палуанға - 5 млн 500 мың, үшінші орын алған палуанға – 1 млн, 800 жүз мың қаржылай сыйақы беріледі. Әр орынның белбеулері бар.

Бұл жарыста Нұрдәулет Жарылғапов 5 кездесу өткізді. Бірінші айналымда шымкенттік палуан Нұрбек Қожагелдіұлынан басым түсіп, екінші айналымда атыраулық палуан Арман Қалиевтан, үшінші айналымда алматы облысының палуаны «Қазақстан барысы» республикалық турнирі күміс, қола жүлдегері Руслан Әбдіразақовты ұтып, ақтық белдесуге жолдама алды.

Ақтық белдесуде осы жарыстың жеңімпазы, шығыс қазақстандық Дәулет Нұрәлиевке есе жіберіп, 2017 жылғы «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің жеңімпазы Еламан Ерғалиевті жеңіп, жүлделі үшінші орынға ие болды, - деді бапкер.

Нұрдәулеттің бұл жарысқа бірінші қатысуы емес. Ол 2015 жылы «Қазақстан барысының» ең жас палуаны атанып еді, содан бері бірнеше рет күреске түсіп, көпке танылып үлгерген палуан. «Біз бұл жеңіспен тоқтап қалмаймыз, биылғы жылдың қараша айында Татарстанның астанасы Қазан қаласында әлем чемпионаты өтеді. Соған дайындық үстіндеміз. Қазіргі таңда Нұрдәулет ұлттық құрама сапында Түрік елінің Анталия қаласына оқу-жаттығу жиынына кетті.

Спортқа қатысқан соң, жеңіске ұмтылмайтын адам болмайды. Біздің де алтын белбеуден үмітіміз жоқ емес. Бәрі еңбекпен келетін нәрсе. Біздің палуанымыздың жасы жиырма бесте, нағыз толып, піскен дер шағы деп айтуға болады. оның қасында 33-34 жастағы палуандар күрес алаңында жүр. Сондықтан алда талай мүмкіндіктер мен табыстар бар. Болашақта Маңғыстауға алтын белбеу алып келу үшін жұмыстанамыз, бар күшімізді саламыз. Көп ұзамай оның да күні туар деп үміттенеміз. Тәжірибесі толысып, кемеліне келген соң алтын белбеуге қолы жетер деп сенеміз.

Маңғыстаулық палуандар қатары өсіп келеді. Нұрдәулеттің ізін басып келе жатқан жақсы жастарымыз да бар. Шетпелік 2001 жылы туған Мұхаммед Зұлхарнаев деген талапты жас палуан бар. ол жарысқа Азия чемпионатында болуына байланысты қатыса алмады. Биылғы жарысқа қатысқан екінші палуанымыз Жасұланбек Таңатов «Қазақстан барысына» іріктеуден өтіп бірінші рет қатысты. Өкініштісі, жарыстың бірінші айналымында Шығыс Қазақстан облысының палуаны Саят Шәмшиевке есе жіберіп алды.

Жылда өтетін республикалық «Қазақстан барысы» жарысына алдын-ала аудан, қалалар арасындағы жарысқа қатысып, іріктеуден өтеді. Ол жарыстан бірінші және екінші орын алған палуандар, медициналық тексерістен, допинг сынамасынан өтіп, республикалық додаға жолдама алады.

Өзім туралы айтар болсам, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2008 жылы Ресейдің Орск қаласында өткен қазақ күресінің Әлем чемпионатынан қола жүлдегермін. Дзюдо және самбо күресінен ҚР спорт шебері, 1999 жылдан бері қаланың 1 шағын-ауданындағы «Қарагөз» спорт мектебінде ағайынды Қабыл, Әділ Темірханұлы Бисенқұловтай белгілі бапкерлердің тәлімін алып, күрестің қыр-сырын үйрене бастадым. Бапкелік қызмет атқарғаныма 10 жылға жуық уақыт өтті. Әзірге жүлде алмаса да әлем чемпионатына қатысқан шәкірттерім бар.

Нұрдәулет Жарылғапов 2016 жылы дзюдодан Үндістанның Кочи қаласында өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. ҚР спорт шебері. Жасөспірімдер мен жастар арасында басқа да Қазақстан чемпиондары атағын алған шәкірттерім бар.

Дзюдо жапондық спорт түрі. Қазақ күресіне ұқсас, бірақ ол олимпиадалық спорт түріне саналады. Ал қазақ күресінің ең жоғарғы нәтижесі әлем чемпионатымен тоқталады. Қазақ күресі өзінің бекітілген ересі бар, соған сай өтеді. Төрешілер осы күрестің мамандарынан сайланады.

Екеуінің айырмашылығына келер болсақ, ұзын жең кимоно киіп, ақ ұзын шалбар, ақ көйлек киіп күреседі. Дзюдода әдіс жасағаннан кейін де (жығып, құлатқан соң), жерде жатып та, күресті жалғастыра беруге болады. Қол ауырту, мойыннан сығымдау, ұстау әдістеріне ерік берілген. Ал ұлттық спортымыз - қазақ күресіне түскен палуандар тек тік жүріп күреседі. Шолақ жең көйлек, шолақ шалбар киеді. Белден төмен ұстауға болмайды. Палуан екпеттей жығылып, тізесімен түссе – «бүк», жамбастай жығылса – «жамбас», бір жауырынға қапталдай жығылса – «жартылай жеңіс», екі жауырыны бірдей жер иіскесе – «таза жеңіс» деп бағаланады. Төрешілер палуандар күресіне осындай төрт ұпаймен баға береді.

Қазіргі таңда қазақ күресіне көп көңіл бөлініп, қазақ күресі дамып жатыр. 2019 жылы қазақ күресінен Ақтөбе қаласында әлемдік чемпионат өтті. Оған дүниежүзінің Украина, Грузия, Норвегия, Эстония, Франция, Ирландия, Германия, Пәкістан, Иран, Ұлыбритания, Үндістан т.б. - қырықтан аса мемлекеті қатысты. Бұл дегеніңіз – 40-тан аса елде қазақ күресімен шұғылданатын палуандар бар, ұлттық спортымызға деген қызығушылық өсіп келеді деген сөз.

Биылдан бастап төл спортымыз «Қазақ күресі» мектеп бағдарламасына еніп жатыр. Әзірге 2-3 облыстан басталмақ. Денешынықтыру сабағына қосымша, қазақ күресінен сабақ өткізу жоспарланып отыр. төл спортымызды жоғары деңгейде дамыту мақсатында жұмыстар жүріп жатыр.

Облыста ұлттық күресті өркендету мақсатында түрлі аудандық, облыстық, республикалық деңгейде шаралар, жарыстар өтіп тұрады. Мысалы, Қарақия ауданында 20 жылдан бері, ауған соғысында қаза болған «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Сәлімжан Әлиевті еске алуға арналған жарыс өтіп келеді.

Жақында Мұнайлы ауданы, «Бес шоқы» (Маңғыстау-5) елді мекенінде ақиық ақын Төлеген Айбергеновті еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірім арасындағы республикалық турнирі өтті. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Темірхан Бисенқұлын еске алуға арналған ересектер арасындағы республикалық турнирі өтеді.

Қазақ күресі спорты өлкемізде өркен жайып, жоғары қарқынмен дамып келеді. Маңғыстау облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысы Қанат Қошқарбайұлы Жұмабаев, «Қазақ күресі федерациясының» облыстағы президенті – Аббат Өрісбаев секілді азаматтардың қолдауымен жарыстар, іс-шаралар өтіп тұрады.

Ақтау қаласының 1 шағынауданында орналасқан «Қаракөз» спорт мектебі және 33 шағынауданда «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде жас буынды палуандық өнерге баулитын үйірмелер жүргізіледі, - деп аяқтады сұхбатты бапкер Қайрат Борбасов.

Үмiт ЖӘЛЕКЕ

256
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары Қоғам Спорт
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Облыста жансақтау бөлімдерінде 107 адам жатыр

Келесі жаңалық

Биыл облыста көпбалалы отбасылар үшін 150-ден астам пәтер сатып алынады

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Мөлдір Мекенбаева Азия чемпионы атанды

    15 қыркүйек, 10:10
    201

    Бокстан Шоқыр Бөлтекұлы турнирінің жарыс кестесі

    8 қыркүйек, 14:18
    398

    Ақтауда бокстан Шоқыр Бөлтекұлы атындағы турнир өтеді

    7 қыркүйек, 09:45
    386

    Қарақиялық спортшы Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді

    31 тамыз, 16:23
    209

    Ақтаулық дзюдошылар Еуропа кубогiнiң жүлдегері атанды

    9 тамыз, 14:21
    272

    Арухат Иброва ММА бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    3 тамыз, 11:54
    300

    Рубрикалар

      РедакцияМәдениетҚұқықТағайындауТүпқарағанСпортМаңғыстауанонсЭкономикаҚоғамБейнеуСаясат

    Автордың басқа да жазбалары

    «Урманов Е.К» ЖК қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:50
    101

    «Нарембаев А.Б» ЖК-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:43
    102

    «Ақ жол құрылыс» ЖШС-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:41
    98

    «ММД-БекРыс» ЖШС-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:32
    90

    Сенек - көне қоныс, көркейген ел

    17 қыркүйек, 11:20
    168

    Вакцинациялау вирустың таралуын азайтады

    17 қыркүйек, 11:01
    134

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»