• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 23 Қырк. 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Электр энергиясын талан-таражға салып жүрген кімдер?...

Кадрлық тәжірибе алмасу - маңызды...

Маңғыстаудың денсаулық сақшылары «Сенімге» сенеді...

Маңғыстаудың ұмытылған бұлақтарын зерттеу экспедициясы басталды...

Бибісара Асаубаева Маңғыстауға Азия чемпионы болып оралды...

  • USD: 425.75 ₸
  • EUR: 499.32 ₸
  • RUB: 5.85 ₸

Жаңаөзен: Жасарып, жаңара бер, туған қалам!

[ 2020 ] 23 қазан, 15:05  |  Маңғыстау жаңалықтары

Іргетасын 1968 жылы барлаушы-геологтар қалап кеткен мұнайлы мекенге бүгінде аттай 52 жыл толып отыр. Осыдан екі жыл бұрын қала өзінің алтын тойын дүркіретіп кең көлемде тойлаған еді. Алғашқы қала құрастырушылар, Жаңаөзеннің дамуына үлес қосқан әр саланың ардагерлері келіп, туған қаласын туған күнімен құттықтаған болатын. Биыл әлемді жайлаған індетке байланысты барлық мәдени-көпшілік шаралар кейінге қалдырылып, қала тойы онлайн форматта атап өтілді. Әкімдік республикалық, облыстық және жергілікті БАҚ өкілдерін жинап, салынған құрылыс нысандарымен, қала жаңалықтарымен таныстырды.

Бірінші байлық...

Сонымен баспасөз тобы сапарын күрделі жөндеуден өткен наркологиялық орталықтан бастады. Уақытша бейімдеу орталығы облыстық нарко-диспансерлік орталықтың Жаңаөзен қаласындағы филиалы. Ол 2011 жылдан бастап ҚР-ның денсаулық сақтау министірлігінің 504-ші бұйрығы бойынша жұмыс жасап жатыр. Орталық құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жұмыс жасап, түскен азаматтардың қанында психотропты нәрселердің бар-жоғын анықтайды. Кейбіреулері мастығынан айыққанша орталықта қалып, ем-дом қабылдайды.

1 бөлім меңгерушісі, 3 нарколог дәрігер, 1 психиатр, 1 аға медбике, 2 фельдшер, 4 постта тұратын және 7-8 кіші медбикеміз бар. 24 сағат бойына жұмыс істейміз. Қазір масаң күйде түсетін халық саны азайды. Алда 30 орындық оңалту орталығы жұмысын бастайды. Қазір құрылыс жұмыстары толықтай аяқталды, – дейді орталықтың нарколог-дәрігері Бақытжан Хабдрахимов.

Жаңаөзен қаласының денсаулық сақтау саласында үлкен өзгерістер болып жатыр. Солардың бірі - қалалық жедел-жәрдем бөлімшесінің өз алдына бөлек ғимаратқа көшірілуі. Бұл жерге жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 7 қазанында басталып, 31-ші желтоқсанында аяқталу жоспарланып отыр. Облыстық жедел-жәрдем станциясының қаламыздағы бөлімшесінде қазіргі таңда 10 бригиада бар. 14 көлік жұмыс жасап тұр. Жыл аяғына дейін 6 көлік жаңадан бөлу жоспарға енгізілген. Жедел-жәрдемнен басқа әр емханада 4-ші категория яғни ҚР-ның денсаулық сақтау министірлігінің 450-ші бұйрығы бойынша диспансерлік есепте тұрған науқастарға тәулік бойы қызмет жасайды. Жаңа ғимараттың тиімділігі - алдында көлік тұрағы, жылы сарайы және көліктерді жуатын жері болады. Фельдшерлерге оқыту семинарларын өткізетін үлкен жиын залы да ғимаратта орналаспақ.

Жаңа құрылғылар - жанның саулығы үшін

2019 жылдан бастап облыстық денсаулық сақтау басқармасының қаулысымен қайта құрылған қалалық көпбейінді ауруханаға 100 орындық перзентхана, балалар ауруханасы, терапиялық корпус, реанимация бөлімшелері, травматалогия, хирургия бөлімшелері кіреді. Іргелес мекендерге де, Болашақ станциясы, Құланды, Қарақия ауданына тәулік бойы қызмет етеді. Аурухана бүгінде ағымдағы жөндеуден өткен. Жаңа медициналық аппараттармен қамтылған. Солардың бірі - 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жұмысқа қосылған кардио орталық.

Қазір науқастарымызды облыстық ауруханаға жолдамамен жіберуді тоқтаттық. Өзіміздің дәрігерлеріміз көмектерін көрсетіп отыр. Адамның іш құрылыстарына тез ота жасауға мүмкіндік беретін ангиограф аппараты, ішкі органдарды бақылайтын жоғары технология қазір сәтті жұмыс жасап тұр. одан өзге де жаңалықтар жетерлік, - дейді қалалық медицина саласының Сәнім Танаева.

Орталықтың кардиохирургы Қобылан Жариев өзінің дәрігерлік тәжірибесінде 6000-нан астам науқасқа ота жасаған өте білікті маман. Аппарат іске қосылғаннан бері Жаңаөзенде 300-дің үстінде сәтті ота өткізген. Жаңа құрылғы жүрекке ғана емес, өзге де іш құрылыстарына, сондай-ақ күрделі гинекологиялық оталар өткізуге мүмкіндік береді.

Сынама орталығы ашылады

Кешегі қиын кезеңде сынамалардың барлығы Ақтау қаласына қаласына жіберіліп отырды. Ал бүгін өзіміздің қалалық аурухананың жанынан осындай зертхананың ашылайын деп отырғандығы қуантарлық жайт. Дәрігерлердің айтуынша қазір сынама алатын аппарат дайын. Тек қажетті мамандар іске қосса болғаны. 89 млн тұратын құрылғыны «Өзенмұнайгаз» АҚ алып берген. Бұл да болса Жаңаөзен қаласының денсаулық саласындағы жағымды жаңалықтардың бірі.

Жаңа провизорлық орталық

БАҚ өкілдерінің келесі аялдамасы – провизорлық орталық болды. Бұл ғимарат осы уақытқа дейін мұнайшылардың профилактикалық медикер орталығы болған. Қазір COVID-19 вирусының екінші толқынына дайындық ретінде провизорлық орталық болып жабдықталып отыр. Күрделі жөндеуден өткен ғимарат КТ, МРТ, жылжымалы цифрлы рентген аппараты секілді жаңа құрылғылармен қамтылған. 68 адамға арналған орталық қалалық көпбейінді аурухананың бөлімшесі болады. Сондай-ақ, орталық сыртынада әрқайсысында 12 оттегі баллоны бар екі конустық блок орнатылған. Осы жерден жасанды дем беру аппараты арнайы шлангтар арқылы науқастарға тасымалданады.

Кадр мәселесіне тоқталатын болсақ Нұрсұлтан, Ақтөбе қалаларынан келеді. Әлде де басқа қалалардан келісім-шартқа байланысты келетін дәрігерлеріміз бар. Дәрігерлердің алатын, күрделі жөндеуге, медициналық құрал-жабдықтарды алуға бөлінген қаражат әкімшілік және «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қолдауыменен осы үлкен жұмыс қазіргаі таңда аяқталғалы жатыр. Құрылыстың өзіне 50 млн 800 теңге бөлінген. Ол қорға аударылып, сол арқылы жұмсалып отыр. Басқа қаладан келетін дәрігерлерімізге барлық жағдай қарастырылған. Пәтер, ұл-қыздарының оқуы, балабақща мәселелерінде қиындық болмайды. Пандемия бола қалған жағдайда біздің дайындығымыз бар, - дейді қалалық медицина саласының Сәнім Танаева

Ауыл амбулаториясының іргетасы қаланды

Маңғыстау мен бұрғышының қара шаңырағы іспеттес Қызылсай ауылы 2019 жылы 60 жылдық мерейтойын тойлаған еді. Соған орай 6 бағаналы қазақи стилде ою-өрнектермен ойылып стелла тұрғызылған. Ауыл тұрғындарының, мұнайшылардың көмегімен жүзеге асқан құрылыс нысанына 25 млн қаражат жұмсалған. Сонымен қатар кешенде ойын алаңшасы, көше тренажеры, футбол алаңы салынған. Ал бүгін «I love Qyzylsai» инсталляциясы ауылдың ажарын айшықтай түскен.

Қызылсайлықтарға жақсы жаңалықтардың бірі - ауылдың қақ ортасынан 50 адамға арналған амбулаторияның құрылысы басталғандығы. Нысан осы жылдың қыркүек айында басталып, аяқталуын келесі жылдың ақпан айына жоспарлап отыр. «Нұр жол» Ақтау мекемесі мердігерлік қызмет құрылыстың жобалық-сметалық құны 408 млн теңгені құрайды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Жалпы 25 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Оқу-білім жанған шырақ ойласаң

Одан кейін журналистер Білім-инновация лицейіне келді. Білім ордасы 2015 жылдан бастап оқушыларды қабылдап, өз жұмысын бастаған. Жаңа ғимарат Жаңаөзен әкімдігінің бастауымен және «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қолдауымен салынған. Жобаға 370 млн қаржы бөлінген. Соңғы техникалармен жабдықталған. Сыныптағы оқушыларға арналған орындықтар мен парталар Германиядан әкелінген. Бұлардың ерекшелігі - шығаратын зауыты тек қана оқуға байланысты заттарды өндіреді. Балаларға ортапедияық ыңғайлылығы да қарастырылған. Өте төзімді құрал-жабдықтардың 15 жылға дейін кепілдігі бар екен.

Әр кабинет пәннің атына лайық дизайынмен жабдықталған. Мысалы соңғы үлгідегі әйгілі Apple-дің MacBook-тарымен жабдықтарлған информатика кабинеті Қазақстан бойынша 2-3-еу ғана екен. Сабақ барысы теория, практика арқылы екі әдіспен оқытылады. Қазір таңда карантин болғандықтан оқу онлайн түрде болып жатыр. Түстен кейін барлық карантин талаптарын сақтай отыра, 4-5 оқушыдан қосымша дәріс алады.

Жаңаөзен білім-инновация лицей интернатының директоры Ферхат Ялын:

Түлектеріміз өте дарынды. Қазақ, орыс тілдерімен қатар ағылшын және түрік тілдерін де жетік меңгеріп шығады. Қазірде лицейді бітірген оқушыларымыздың көпшілігі Польша, Түркия және т.б. шет елдердің алдыңғы қатарлы университеттеріне оқуға түсті. Республикалық, халықаралық олимпиадаларда алдыңғы орындардан көрінеді. Жаратылыстану пәндерін тереңдетіп оқытамыз, - деді.

Лицей-интернатта 34 мұғалім бар, 167 оқушы оқиды. 110-ы жатақханада жатады. Жатақхана ғимараттың үшінші қабатында орналасқан. Оқушылар Жаңаөзен қаласының жергілікті тұрғындары. Тәртіп бойынша оқушылар 6-сыныпты аяқтағаннан кейін тест тапсырып, 7-сыныптан бастап қабылданады.

Мектепте сондай-ақ мехатроника сыныбы бар. Кабинет есігі карточкамен жабылып, ашылады. Мұғалімдердің айтуынша, бұл сабақ түрінен оқушыларға үлкен мүмкіндіктер бар. Карантин режиміне байланысты балалар мектепке келе алмайтын болғандықтан, ұстаздар барлық видео арқылы барынша түсінікті ақпарат беруге тырысады. Бұл жерде чехиялық соңғы үлгідегі 3д принтері бар. Аппарат арқылы кез-келген нәрсені жасауға болады. Оқушыларымыз кеме, машина, ойыншықтар жасаған.

Баспасөз турының соңында журналистерді қала әкімі Мақсат Ибағаров қабылдап, Жаңаөзеннің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы, даму жоспары бойынша бірқатар ақпараттар берді.

2019-2025 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі кешенді жоспар өткен жылдың желтоқсан айында үкіметпен бекітілген. Осы жоспар бойынша 62,7 млрд теңгенің аясында 48 жоба қаралған. Қазіргі таңда 48 жобаның 8-і орындалды. 30-дан астамы орыналу үстінде. Бұл жоспардың барысында архив құрлысы, сонымен қатар Рахат ауылындағы мәдениет үйі салынып жатыр. Мұнайшылардың бөлген қаржысымен Білім инновациялық лицейі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қалалық мәдениет үйінің күрделі жөндеуіне 400 млн мұнайшылардың қаражатынан бөлінді. Ол қазір 85-90 пайыз аяқталды. Үкіметтің сәуір айында қабылданған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 2,8 млрд теңгеге 39 жоба мақұлданған еді. Тамыз айында тағы да 9 жоба мақұлданып, қазіргі таңда 3 жарым млрд астам қаражатқа жолдарымыз жөнделіп жатыр. Көптеген жаңашылдықтарды өздеріңіз де жаңа көріп-біліп, таныстыңыздар. Алда әлі жақсы хабарларымыз көп болады. Атқарылып жатқан да, жасалатын да жұмыстар әлі көп, - деді қала басшысы Мақсат Оңғарбайұлы.

Жансая КЕЛДІБАЙ

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

724
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Пандемия кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Келесі жаңалық

Босалқы жерлер игерілсе...

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің жаңа ғимараты ашылды

    29 маусым, 14:20
    1479

    Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

    [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
    2013

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    1740

    "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

    [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
    1448

    "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

    [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
    1450

    Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
    1829

    Рубрикалар

      Редакция газеттеріРедакцияХабарландыруФотоЖаңаөзен - 50 жылМәселеМұнайлыАстана - 20СпортанонсСараптамаҚарақия

    Автордың басқа да жазбалары

    Вакцинациялау вирустың таралуын азайтады

    21 қыркүйек, 14:02
    318

    «Урманов Е.К» ЖК қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:50
    197

    «Нарембаев А.Б» ЖК-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:43
    194

    «Ақ жол құрылыс» ЖШС-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:41
    174

    «ММД-БекРыс» ЖШС-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:32
    175

    Сенек - көне қоныс, көркейген ел

    17 қыркүйек, 11:20
    376

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»