• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 22 Қырк. 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Электр энергиясын талан-таражға салып жүрген кімдер?...

Кадрлық тәжірибе алмасу - маңызды...

Маңғыстаудың денсаулық сақшылары «Сенімге» сенеді...

Маңғыстаудың ұмытылған бұлақтарын зерттеу экспедициясы басталды...

Бибісара Асаубаева Маңғыстауға Азия чемпионы болып оралды...

  • USD: 425.75 ₸
  • EUR: 499.32 ₸
  • RUB: 5.85 ₸

Шахмат мүсіндері шаһар шырайын кіргізбек

20 мамыр, 18:10  |  Маңғыстау жаңалықтары

© Талант ҚҰСАЙЫН

Төскейіне күн нұры төгілген Каспий көркі көзге қуаныш сыйласа, шипалы суы дертке дәрмен, ал желпіп соққан майда жел көңілге жайлылық орнатады. Күн ұясына қонар қызыл іңірде теңізден ескен самалды құшарлана сіміріп, күнұзақ қауырт қызметтен қолы бос уақытты таза ауада серуенмен өткізуге бейіл халықтың қарасы көбейді. Теңіз жағалай төселген тегіс асфальт, екі аттам жерде орналасқан жайлы орындықтар, таза, самаладай жарық жол, бұқаралық спорттың дамуына мейлінше мүмкіндік беретін көше тренажерлеры де тұрғындар игілігі үшін қызмет етіп келеді. Соңғы кезде жағалауда орнаған шахмат бөшкелері интелектуалды спорт түріне қызығушылығы мол жандардың жаңа хоббиіне айналды. Жуырда жоба авторы, «Дебют» шахмат мектебінің директоры Анвар Шайхымовпен жүздесіп әңгімеге тарттым.

- Анвар Ескендірұлы, теңіз жағалауына шахмат бөшкелерін орнату идеясы қалай пайда болды?

- Былтыр ғаламтор кеңістігінде Мәскеу, Санкт-Петербург пен Алматы қалаларында өткен Chess and Jazz фестивальдерінің суреттерін қарап отырып, бөшке үстіне орнаған шахматты көзім шалды. Бұл ойнау форматы бір күнге ұйымдастырылған екен. Содан теңіз жағалауында әрдайым қолжетімді шахмат бөшкелерін орнату ойын жүзеге асыруға шешім қабылдадым. Бұндай жоба осы күнге дейін өзге қалаларда болмаған. Ақтауда алғаш рет іске асты.

- Бүгінгі таңда жастар мен ересектер арасында шахмат өнері қаншалықты танымал?

- Соңғы 3-4 жылда ақыл-ой мен логика ойынының танымалдық деңгейі өте жоғары. Тіпті беделі олимпиадалық спорт түрлерімен тең түседі деуге болады. Жалпы шахмат мәртебесі биік, бекзат өнер. Тақта үстіндегі шиеленісті тартыс кімді болсын үйіріп алары анық. 5 жастағы баладан егде қарияға дейін шахмат ойнап, кәсіби айла-амалдарды игеруге ұмтылып жатады. Ал теңіз жағалауындағы шахмат бөшкелерімен жастар логика барымтасында ой сынасуда. Серуендеп жүрген тұрғындар бір мезетке тоқтап, бір-бірімен ойын ойнап, серпіліп қалады. Шахмат ойынын жете ұқпайтындар бөшкелер жанында суретке түсіп, мәре-сәре болып жатады. Осының өзі әрине қуантады.

- Жобаның басты демеушілері кім?

- Тың идеяның жүзеге асуына қала тұрғындары «ҚазИнтегСтрой» мекемесінің қызметкері Болат Кенжебаев пен «МТС» қызметкері Константин Триус демеушілігін көрсетті. Маңғыстау облыстық спорт басқармасы теңіз жағалауынан арнайы жер телімін бөліп беріп, қолдау көрсетті.

- Біздің өңірде шахмат ойынының танымалдығын арттыру мақсатында қандай жобалар жасау ойда бар?

- Әрине, шахмат өнерін жас өрендер арасында насихаттау белсенді жүріп жатыр. Бұған дейін жарыс пен сайыс форматында әр алуан іс-шаралар ұйымдастырылып келді. Бірақ карантин талаптары биылғы жоспарға көптеген өзгерістер енгізді. Алдағы уақытта теңізді жағалай биіктігі адам бойынан сұңғақ, тастан қашалған шахмат фигуралын орнату көзделіп отыр. Сондай-ақ ойыншылар көтеріп жүріп ойнайтын бір метрлік шахмат тастары мен тақтасын жасақтау жоспарда бар. Жуырда эскизді сызып, спорт басқармасына ұсыныс жолданады.

- Әңгімеңізге рахмет!

Голрох ЖЕМЕНЕЙ

435
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары сұхбат
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Ә. Кекілбаев муралы аяқталып қалды (ФОТО)

Келесі жаңалық

Маңғыстауда кеше 60 адамнан COVID-19 анықталды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    1738

    Ғазиз Надуев: Вакцина – ауруға қарсы тұратын жалғыз жол

    9 қыркүйек, 10:59
    247

    Режиссер Сергей Потапов: Ұлттық театрда сол ұлттың тілі салтанат құруы тиіс

    2 қыркүйек, 11:21
    485

    Баспасөздің биік белестері

    29 маусым, 15:00
    1112

    Шахмат мүсіндері шаһар шырайын кіргізбек

    20 мамыр, 18:10
    436

    Интернет алаяқтарының арбауынан сақ болыңыз!

    10 сәуір, 13:01
    549

    Рубрикалар

      ФотоАстана - 20ӘдебиетМаңғыстауБайқауРедакция ұжымыЭкономикаЖаңаөзен - 50 жылДенсаулықСұхбатанонсМұнайлы

    Автордың басқа да жазбалары

    Вакцинациялау вирустың таралуын азайтады

    Кеше 14:02
    293

    «Урманов Е.К» ЖК қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:50
    192

    «Нарембаев А.Б» ЖК-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:43
    189

    «Ақ жол құрылыс» ЖШС-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:41
    171

    «ММД-БекРыс» ЖШС-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:32
    169

    Сенек - көне қоныс, көркейген ел

    17 қыркүйек, 11:20
    356

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»