• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 6 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Интернет алаяқтарының арбауынан сақ болыңыз!

    [ 2021 ] 10 сәуір, 13:01  |  Сұхбат

    Бүгінде әлемде интернет арқылы адамдарды алдап-арбау қылмыстары жиілеп барады. Күн өткен сайын олардың айласы да түрленуде. Маңғыстау облысы бойынша жыл басынан бері 267 алаяқтық қылмыс тіркелсе, соның 115-і интернет алаяқтық фактілері. Былтырғы жылмен салыстырғанда осы жылдың 3 айында 2,5 есеге өскен. Бұл жөнінде Маңғыстау облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Дәурен Андабеков сұхбат барысында айтқан еді.

    – Дәурен Исаұлы, облыста интернеттегі алаяқтық қылмыс қашан пайда бола бастады?

    – Мұндай қылмыс түрлері облыста соңғы үш жылда пайда болды. 2019 жылы 69 қылмыс тіркелсе, 2020 жылы 106, 2021 жылдың үш айының қорытындысы бойынша 115 қылмыс тіркелді. Қазіргі таңда барлық қызмет түрі цифрланды. Одан бөлек адамдар да интернет желісін бұрынғыға қарағанда көп қолданады. Тауарды алу, сату сайттарын, банк қосымшаларын да қолымызда жүрген телефонға орнатып күніне түрлі қызметке жүгінеміз. Бұл үрдістер интернет алаяқтарының айын оңынан туғызып отыр. Сондықтан күнделікті жарнама сайттарында, әлеуметтік желілерде күдікті ақпараттарды тексеріп отырамыз. Мысалы, «Крыша.кз» сайтында 15 миллионның үйі 9 миллионнан тұрса, демек, бұл – күдік тудыратын ақпарат. Оның рас немесе жалған екенін анықтап, сайт әкімшілігіне арыз жазып, күмән тудыратын ақпараттарды бұғаттаймыз. Себебі мұндай алаяқтық қылмыс облысымызда бұрын-­соңды тіркелген болатын. Интернет алаяғы қымбат үйді арзан бағада суреттерімен «Крыша.кз» сайтына жарнамалайды. Оған қызыққан Ақтау қаласының тұрғыны жазылып тұрған телефон нөміріне ватсап арқылы хабарласады. Өзін үй иесімін деп таныстырған алаяқ бұрын Ақтауда жұмыс жасап кеткендігін, қазіргі таңда шетелде тұратынын және сатылатын үйдің іші тура суреттегідей екенін айтады. Сонымен қатар өзіне үйді нақты алатын адам керектігін ескертіп, егер қолында үй сатып алатын қаржысы болмаса жолға шығындалып Ақтауға бармайтынын жеткізеді. Ал қомақты қаржы болған жағдайда оны дәлелдейтін түбіртек суретін жіберуді талап етеді. Ол үшін жедел аудару қызметі арқылы ақшаны туысқанының атына аударып, үш күннің ішінде қайта шешіп алуға болатынын айтады. Бірақ әлгі түбіртекте ақшаны алушы адамның барлық мәліметі тұрғандықтан интернет алаяғы оның атынан жалған құжат дайындап, әлемнің қай нүктесінде отырса да «Вестерн юнион» қосымшасы арқылы қомақты қаржыны шешіп алған.

    – Өңірде интернет алаяқтық қылмысының бұдан басқа қандай түрлері жиі кездеседі?

    – Бүгінде алаяқтардың банк қызметкері болып адамдарға қоңырау шалып, алдауы жиі орын алуда. Олар көбіне Каспи банк менеджері болып хабарласады. Себебі халықтың дені Каспи.кз қосымшасын жиі қолданады. Алаяқтар Ресей, Украина елінен хабарласады, адамдарды алдау мәтіндері «Сіздің атыңыздан несие рәсімделіп жатыр. Соған байланысты шынымен сіз алып жатсыз ба соны тексерудеміз, егер сіз алмаған болсаңыз есепшотыңызды бұғаттауымыз керек» деп алдайды, әлгі адам көнбеген жағдайда «Егер сенбесеңіз телефонға арналған антивирустық қосымша бар, соны орнатып алыңыз, сізді қауіпті шабуылдардан сақтайды» деп сендіреді. Ол қосымшаны телефонға орнатар болсаңыз бірден әлгі алаяққа автоматты түрде жол ашасыз, ол ары қарай қашықтан сіздің телефоныңыздағы бүкіл ақпаратты басқарып, банк қосымшаларына кіріп, несие рәсімдеп, басқа шотқа аудара алады. Сондықтан бөтен қоңырауларға жауап беруде сақ болған жөн. Алаяқтар орыс тілінде сөйлейтін болғандықтан олардың қармағына көбіне орыстар және орыс тілді қазақтар түсіп жатады. Бұл бойынша жыл басынан бері 38 қылмыс тіркелді. Осы тұста интернетте орын алатын алаяқтыққа тағы бір мысал келтіре кетейін. Кеше ғана Ақтау қаласының тұрғыны үйіндегі бала арбасын сату сайтына шығарады. Оған аламын деп үш адам хабарласады. Соның біреуі алатын болып, бағасына келіседі. Бірақ өзінің басқа қалада екенін, тауарды алдыру үшін курьер жіберетінін айтады және ақша аудару үшін жаңағы адамның аты­-жөнін, ЖСН нөмірін және есепшотын сұрап алады. Сөйтіп, әлгі тұрғынның есепшотында тұрған ақшаны өзіне аударып алған. Одан бөлек қолдан жасалған сайттар арқылы айлаларын асырып жатқандар бар. Осы тұста мына нәрсеге мән берген жөн: әдетте, сайт https:/ деп басталу қажет, ал расталмаған http:/ деп басталады. Сондай­-ақ алаяқтар сайттың атауында бір немесе бірнеше әріп өзгертуі де мүмкін. Ондай сайттарға ешқашан жеке деректеріңізді енгізбеңіз. Индрайвер, крыша қосымшалары арқылы да алданып жатқан тұрғындар бар. Мәселен, индрайвер қосымшасын пайдаланатын такси қызметкері таңғы 7:00­-де Ақтау­-Жаңаөзен бағытына жүретінін хабарлап, жазып қояды. Оны көрген алаяқ бірден хабарласып, ертең таңда сол уақытта Жаңаөзенге жүретінін айтып, 7 мың теңгеге келіседі. Бірақ ақшасын төлеу кезінде тағы да жоғарыда айтып өткендей әрекеттерге көшеді. Толық ақпаратын сұрайды, оны біліп алғаннан кейін сыртынан бір уақытта бірнеше жерден шағын несие рәсімдейді. Ақша әлгі адамның есепшотына түскеннен кейін қайта хабарласып «Сізге есепшім қателесіп артық ақша аударып жіберіпті, 7 мың теңгеңізді алып қалып, артық ақшаны осы есепшотқа аудара қойыңыз» дейді. Бұл жерде ақша аудартар кезде де өзгенің есепшотын қолданады, мысалы, көшеде немесе банкомат алдында тұрғын адамдарға өзінің картасы жоғалып қалғанын, туыстары ақша аударып жіберетінін айтып, «ақшаны сіздің картаңызға аудартып, шешіп алсам бола ма?» деп өтініш жасайды. Көмектескісі келген адам бірден көнеді. Солай әлгі алаяқтар іздерін суытады. Одан кейін оларды қолға түсіру ұзаққа созылады.

    – Алаяқтардың арбауына түскен халықтың ақшасын кейін қайтаруға мүмкіндік бар ма?

    – Егер ақша шетелдік есепшотқа аударылса, кейін қайтару қиындау. Ал Қазақстанның ішінде орын алған болса, қайтаруға мүмкіндік бар. Жақында Шымкент қаласының тұрғыны инстаграм желісінде парақша ашып, онда арзан бағада сырт киімдер, яғни шуба сататынын хабарлаған. Оны көрген Ақтау қаласының төрт тұрғыны тауар алу мақсатында алдын ала 50 пайыз төлем жасайды. Бірақ екінші тарап бірнеше күннің ішінде телефон нөмірін сөндіріп, хабарсыз кетеді. Алданғанын түсінген сатып алушы тарап бізге келіп шағымданды. Біз өз кезегімізде жедел жұмыстардың нәтижесінде алаяқты қолға түсірдік. Қазіргі таңда ол Ақтау қаласына әкелінді. Қамауда отыр. Алданған тұрғындардың ақшасы кейін қайтарылды. Алаяқтық қылмыспен айналысқандар заң бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Осы тұста айта кетейін, алданған тарап арыз жазар кезде қолында алаяққа ақша аударған түбіртегі және банк бөлімшесінен ақшаның аударылғандығы жөнінде анықтамасы болу керек. Осы мәліметтер арқылы қылмыскерді құрықтау жұмыстары жеңілдейді.

    – Ақпараттық жүйелерді пайдаланып алаяқтық жасайтындарға алданып қалмау үшін не істеу керек?

    – Біз бейтаныс нөмірлерден, әсіресе банк қызметкерлері болып өзін таныстыратын адамдардың қоңырауларына абай болу керектігін еске саламыз. Нақты банк қызметкері ешқандай жағдайда кодтар мен парольдерді атауды сұрамауы тиіс. Кішкене күмән туындаған жағдайда, әдепсіздік танытудан қорықпай, бірден телефон тұтқасын қойыңыз. Бұл, шын мәнінде, банктен қоңырау шалу болғанын қайта тексеру үшін өзіңіздің банкке қайта қоңырау шала аласыз. Интернеттегі алаяқтық бүгінгі таңда алаяқтық қылмысының кең тараған түрлеріне айналды. Алаяқтар Facebook, VКontakte, Mail.ru, «Однакласники», сондай­-ақ WhatsApp, «Тelegram», «Intsagram» әлеуметтік желілерін пайдалану арқылы әр түрлі тауарларды, өнімдерді және қызметтерді сатуға жарнама орналастырады. Бұл жағдайда, сандық көрсетілімі бар белгілі бір өнімді сатқанда, алаяқтар алдын ала «QIWI» әмиянға, түрлі банктердегі шоттарға төлем аударуды талап етеді. Кейіннен шот иелері тексерілген кезде олардың өзге адамдардың атына тіркелгені белгілі болады немесе төлемдер шет елдердің есеп шоттарына аударылып жатады. Төмендегідей қарапайым шараларды сақтау интернет алаяқтардың құрбаны болмауға мүмкіндік береді. Расталмаған сату көздерін пайдаланбаңыз. Кез келген жағдайда сіздің банк карталарыңыздың және шоттарыңыздың мәліметтерін ешкімге бермеңіз, әсіресе интернет арқылы байланысқан кезде. Интернетте, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы жасалатын күмәнді мәліметтерден бас тартыңыз. Интернет порталдар арқылы мүлікті сатып алу кезінде ешқашан алдын ала келісім жасамаңыз. Төлем жүйелерімен белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз. Автомобилдерді, қосалқы бөлшектерді және тағы басқа тауарларды басқа қаладан сатып алғанда, достарыңыз бен таныстарыңызға айтып, сатушымен кездесуге және сатып алынған тауарды тексеруді өтініңіз. Тауарға көз жеткізбей алдын ала төлем жасамаңыз. Банк қызметкері болып ұялы телефоныңызға хабарласқан адамдарға өзіңіз туралы жеке мәліметтерді бермеңіз, әсіресе карта нөмірін, оның артында орналасқан СVC-­кодты, СМС арқылы келген парольдерді. Сіздің хабарламаға шығарып қойған тауарыңызды немесе қызметіңізді сатып алғысы келген таныс емес адамдарға өзіңіз туралы жеке мәліметтерді бермеңіз, яғни жеке куәлік фотосуретін, ондағы мәліметтерді, ЖСН (ИИН) нөмірлерін, 20 сандық IBAN шотыңыздың нөмірін. Берген мәліметтеріңіз алаяқтарға сіздің атыңызға микроқаржылық ұйымдардан онлайн несие рәсімдеуге мүмкіндік береді. Жалпы халықты сақтандырудың бірден-­бір жолы – алдын алу шаралары. Соған байланысты бірнеше видеороликтер, буклеттер дайындадық. Оны әлеуметтік желілерде барынша жедел таратып жатырмыз. Соның нәтижесінде қаңтар, ақпан айларына қарағанда наурыз айында тек тоғыз қылмыс тіркелді. Сондықтан жоғарыда айтып өткен сақтану шараларын ескеріп жүрген жөн.

    – Сұхбатыңызға рақмет!

    Сұхбаттасқан Айгүл ОРЫНБАЕВА

    2718
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Сұхбат маңғыстау жаңалықтары мәселе
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Туризм мен құрылыс саласы мамандарға зәру

    Келесі жаңалық

    Пандемия музей жұмысына қалай әсер етті?

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Интернет алаяқтарының арбауынан сақ болыңыз!

      [ 2021 ] 10 сәуір, 13:01
      2719

      Маңғыстау жұрты қандай су ішіп отыр?

      [ 2020 ] 27 ақпан, 15:04
      9748

      Қаңғыбас иттен қауіп бар

      [ 2018 ] 9 тамыз, 11:25
      2835

      Хиджабқа оранатын емес, қоғамдық сананы оятатын кез келді

      [ 2018 ] 2 тамыз, 07:55
      1408

      Маңғыстаудағы газ: Баға қайда шарықтап бара жатыр?

      [ 2021 ] 25 қараша, 19:46
      1855

      Әкімдік үшін журналистердің құны көк тиын ба?

      [ 2021 ] 30 қыркүйек, 19:51
      2961

      Рубрикалар

        Аудан тынысыЖаңалықтарҚызық дерекҚазақстан жаңалықтарыМәселеБейнеуКомплаенсРухани жаңғыруБайқауРедакция газеттеріАнықтама бюросы

      Автордың басқа да жазбалары

      Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты

      4 қараша, 10:06
      543

      Маңғыстаудағы ірі мұнай компаниялары жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға келісті

      4 қараша, 09:51
      159

      Туған өлке тарихын толғаған

      31 қазан, 17:51
      591

      Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды

      31 қазан, 11:45
      396

      Маңғыстау облысының әкімі Нұдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады

      31 қазан, 10:11
      361

      Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс хан ұлттық музейіне барды

      29 қазан, 15:36
      349

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»