• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 23 Сәуір 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қайролла Ережепов пен Бітім Кезбаев «Маңғыстау Медиаға» арнайы келді...

«Шеберханадағы бір күн»: Қоғам белсенділері пікір алмасты...

Есенғали Раушанов Маңғыстауға келгенде (ФОТО)...

«КазАзот» мекемесінің 40 қызметкері вакцина салдырды (ВИДЕО)...

Ақтауда «Grandmart» сауда желісі ашылды...

  • USD: 432.21 ₸
  • EUR: 520.38 ₸
  • RUB: 5.67 ₸

Туризм мен құрылыс саласы мамандарға зәру

6 сәуір, 17:46  |  Сұхбат

Елімізде ең ауқымды мәселе – жұмыссыздық. Облыста да бұл тақырып өзекті. Биылғы жылы өңірде 10 964 адам жұмыссыздық санатында тіркеуде тұр. Былтыр бұл көрсеткіш 11 897 болған. Жұмыссыздық саны айтарлықтай көп болғанымен, жұмысшыларға зәру сала да жоқ еместігін тілге тиек етті жұмыспен қамтуды үйлестіру мониторинг анализ бөлімінің басшысы Лаура Махмутова.

- Жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуына қандай мүмкіндіктер бар? Екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтарға мемлекеттік бағдарламалардың көмегі қандай?

- Қала, аудандарда жұмыссыз азаматтардың мәселесімен айналысатын арнайы жұмыспен қамту орталықтары бар. Оны қазіргі таңда барлық тұрғын біледі деген ойдамын. Ал сол орталықтардың жұмысын үйлестіру – біздің міндетіміз. Бос жүрген азаматтар жұмыссыз статусын алу үшін бір ғана құжатпен келіп тіркеледі. Одан кейін ол азаматқа жұмыспен қамту орталықтары бос жұмыс орындарын ұсынады. Егер ұнамаған жағдайда уақытша жұмыс орындарына жібере алады. Уақытша жұмыс орындарына қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы жатады. Одан бөлек шағын кәсіп бастағысы келетін тұрғындарды бір айдан үш айға дейін қысқа мерзімді курстарға оқытамыз. Көбіне әйел адамдар кондитерлік өнімдер пісіріп, тігін тігіп, қыз­-келіншектерді әрлеумен айналысқысы келеді. Осы орайда айта кету керек, жұмыссыз азаматтардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ететін бірден-­бір бағдарлама – нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы. Аталған бағдарлама үш бағыт бойынша жұмыс жасайды. Ең бірінші бағыт – оқыту. Биыл 403 адамды қысқа мерзімді курстарға оқытуды жоспарлап отырмыз. Курстар жоспар бойынша сәуір-­мамыр айларында басталады. Екінші бағыт жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған, яғни кәсіпкерлік негіздерін оқытады. Шағын кәсіп бастағысы келетіндер «Бастау бизнес» арқылы оқиды. Онда кәсіп бастауды, бизнес жоспар жасауды т.б тетіктерін үйретеді. Қолдарына 3 жылға жарамды сертификат беріледі. Биыл 750 адамды оқытуды жоспарлап отырмыз. Оқыған азаматтардың шағын несие және қайтарымсыз грант алуға мүмкіндіктері бар. Қайтарымсыз грантқа тек құрал­-жабдықтар емес, ақшасына қарай ұсақ мал алуға да болады.

- Қазіргі таңда облыс бойынша қай салада бос жұмыс орындары көп?

– Пандемия басталғаннан кейін құрылыс саласы жұмысшыларға зәру болып қалды. Соның салдарынан көп құрылыс тоқтады. Себебі бізде үй салатын көбіне шетел азаматтары. Шекара жабылған соң олар келе алмады. Сондықтан құрылысқа адам көп қажет болды. Бірақ біздің азаматтар құрылыс мекемелерінде жұмыс жасауға құлықсыз. Себебі еңбекақы аз дейді олар. Сондықтан біз ешкімді мәжбүрлей алмаймыз. Одан кейін сервистік қызмет саласында бос жұмыс орындары бар. Мектептерде математика, физика пәні мұғалімдері, логопедтер жетіспейді. Осы орайда айта кету керек, ендігі жерде маңғыстаулықтар туризм саласында жұмыс жасауға көп көңіл бөлу керек деп ойлаймыз. Туризм – күннен-күнге дамып келе жатқан ең ірі сала. Қонақ үйлер, демалыс орындары көптеп салынуда. Сондықтан ол жерлерде де мамандарға сұраныс жоғары. Жалпы бос жұмыс орындары туралы ақпараттар әлеуметтік желілерде ашық жарияланып тұрады. Ондай ақпарат ешқашан құпия болмайды. Бұл тұрғыдан тұрғындар да сауатты деп ойлаймын.

- Биылғы жылдың жоспары бойынша қанша адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр?

– Өткен жылы жұмыссыздар саны күрт көбейгендіктен оларды жұмыспен қамту мақсатында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» іске қосылды. Бағдарлама аясында әлеуметтік нысандарды жөндеу, жол салу бойынша 3 мыңға жуық тұрғын уақытша жұмыспен қамтылды. Мердігер мекемелерде тұрақты жұмысқа қалуға да мүмкіндіктер болды. Биыл да аталған бағдарлама өз жұмысын жалғастыруда. Биыл Ақтау қаласының жаңа аудандарында 6 мектептің құрылысы басталып жатыр. Ол бойынша 470 уақытша, 820 тұрақты жұмыс орындары құрылады деп жоспарлануда. Жоғарыда айтып өткенімдей, туризм саласы қарқынды дамуда. Сондықтан ол жақта да бірнеше жұмыс орындары пайда болады. Нақтырақ айтсақ, туризм бойынша іске қосылатын ірі жобаларда 7 690 тұрақты жұмыс орны құрылмақ. Ал құрылысына 5 400 жұмысшы қажет. Сондықтан жұмыссыз жүрген азаматтар беріліп жатқан мүмкіндіктерді пайдаланып жұмыспен қамтылса деген ниеттеміз.

- Сұхбатыңызға рақмет.

Айгүл ОРЫНБАЕВА

277
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Сұхбат маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Мемлекеттік бағдарламалар орындалуда

Келесі жаңалық

Интернет алаяқтарының арбауынан сақ болыңыз!

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    1390

    Интернет алаяқтарының арбауынан сақ болыңыз!

    10 сәуір, 13:01
    229

    Туризм мен құрылыс саласы мамандарға зәру

    6 сәуір, 17:46
    278

    Батырбек Естаулетов: Вьетнам, Иран, Тайланд спортшылары – басты қарсыластарымыз

    18 наурыз, 09:33
    814

    Бекзат Нұрдәулетов: Токиода топ жарып, елімді қуантсам деймін

    9 наурыз, 10:39
    468

    Екі жыл елмен етене... (Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Көшмағанбетовпен сұхбат)

    24 ақпан, 11:45
    693

    Рубрикалар

      Сараптама Хабарландыру Редакция Мәдениет анонс Қоғам Байқау Ашық қоғам Жаңаөзен - 50 жыл Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары Қызық дерек

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстауда 2021-2030 жылдары балық шаруашылығын дамытуға бағытталған өңірлік бағдарлама жасақталды

    Кеше 16:30
    100

    Маңғыстауда 16 мыңнан астам адам екпе алды

    Кеше 16:20
    64

    26 сәуірден бастап қоғамдық тамақтану орындарында «Аshyq» мобильді қосымшасы іске қосылады

    Кеше 15:57
    61

    Қазақстанда волонтерлік қызметке қандай қолдау көрсетіледі

    Кеше 15:25
    83

    Қоғамдық кеңес отырысы өтті

    Кеше 15:10
    67

    «Батыс» өңірлік қолбасшылығының оқу полигондарында тазарту жұмыстары басталды

    Кеше 10:42
    107

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»