• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 18 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

    Мемлекеттік бағдарламалар орындалуда

    [ 2021 ] 22 наурыз, 18:24  |  Сұхбат

    Бүгінде Мұнайлы ауданы облыс бойынша әлеуметтік маңызы зор аймаққа айналды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары елдегі ең алғаш ашылған аудан болып тарихта мәртебелі орында тұрғанын былай қойғанда, бұл аудан – облыс орталығына ең жақын өңір. Аудан әкімі Рахат Тезекбайұлының қоғамдық кеңес алдындағы 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы берген есебінде Мұнайлыда 174 мыңнан астам халық тұратынын тілге тиек еткен еді. Сондықтан ауданда шешімін тапқан, әлі де қаралуы керек мәселе аз емес. Ал оның басым бөлігі коммуналдық шаруашылықпен тікелей байланысты.

    Ауданда соңғы жылдары «Ауыл – ел бесігі» мем­лекеттік жобасы аясында атқарылған шаруа қыруар. 2019 жылдың 27 ақпанындағы «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде Елбасы «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырған еді. Бұл бағдарлама ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-­ауқатын жақсартуды, ауылдарды тұрақты дамытуды көздейді. Жалпы 2025 жылға дейін елімізде 5,5 миллионнан астам адам тұратын 1,8 мың ауылдық елді мекен жаңартылады деп жоспарланған. Осы орайда Мұнайлы ауданында атқарылған игілікті істер туралы Мұнайлы ауданы әкімінің құрылыс, сәулет, коммуналды шаруашылық саласы бойынша орынбасары Нұрлыбек Жолбаевпен сұхбат құрдық.

    – Нұрлыбек Бергенғұлұлы, былтыр «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Мұнайлы ауданынан 11 жоба ұсынылған екен. Қандай істер атқарылды?

    – Иә, дұрыс айтасыз. Былтыр 1 418,1 миллион теңгеге 11 жоба ұсындық. Оның 10-­ы – ауылішілік автокөлік жолдарының орташа жөндеу құрылыс жұмыстарының жобасы болса, біреуі әлеуметтік нысанның құрылысы болатын. Осы жобаларымыз мақұлданып, барлығы орындалды. Тарқатып айтар болсақ 1 264,4 миллион теңге Қызылтөбе, Баянды, Басқұдық ауылдық округтерінің ауылішілік автожолдарын орташа жөндеуге жұмсалды. Осы қаражатқа тұтас аудан бойынша 46,4 шақырым автокөлік жолы салынып, қолданысқа берілді. 153,7 миллион теңге Басқұдық ауылдық округі кітапханасымен бірге 200 орындық аула клубының құрылысына жұмсалды. Бұл клуб қолданысқа дайын, жақында ашылады.

    – Осы мемлекеттік бағдарлама бойынша биыл қандай шаралар жоспарланған?

    – Басқұдық ауылында 2 жол бар. 3,6 шақырым және Баянды ауылында 8,3 шақырым жолды жөндеу жобасын беріп қойып отырмыз. Бұл жолдарды орташа жөндеуге берейік десек, орташа жөндеу үшін бұрын бұл жолдарға асфальт төселген болуы керек. Жаңадан салынатын жолға жобалық-­сметалық құжат керек. Құжатымызды ұсындық. Қаражат бөліне ме, бөлінбей ме нақты белгісіз. Бірақ бөлінеді деп күтіп отырмыз.

    – Былтыр тұрғындар үшін ауыз судың тапшылығы өзекті мәселе болды. Биыл бұл жағдай қайталана ма?

    – Биыл біз өзімізге тиесілі ауылдардың сумен қамтамасыз етілуін, яғни орталық су жүйесіне қосуды 100% бітіреміз. Ал су бөлу – облыстық деңгейде шешілетін мәселе. Ауданның барлық ауылында жеке су резервуарлары бар. Тек бізге облыстан берілетін су көлемі ғана аз болып тұр. Қазір қыс мезгілінде тұрғындарға су жетеді. Ішуінен, шомылуынан таршылық көрмейді. Ал жазда тұрғындар аула суарады. Сол кезде тағы да су тапшылығы басталады. Алайда облыс мамыр айында су көлемін арттыруға уәде беріп отыр. Сондай-­ақ өзіміздің Баянды ауылында мембранды жүйемен су тұшытатын қондырғымыз бар. Соны іске қосып жатырмыз. Былтыр жаз айларында 12-­13 мың куб аралығында су алдық. Бұл біздің ауданға жетпейді. Биыл облыс ауданға келетін су көлемін 17 мың кубқа арттырса, одан кейін өз қондырғымыздан 3-­4 мың куб тұщы су алсақ аудандағы су мәселесін де біртіндеп шешеміз деген ойдамыз. Алайда халықтың суды пайдалану мәдениеті артпаса, су бізге ешқашан жетпейді. Су біздің ауданға субсидияланып, кубы 30 теңгеде беріледі. Қалада судың кубы 300 теңге. Мысалы, қазір біздің ауданда бір күнде 10 куб суды есік алдына төгіп тастасаң, құны жарты литр Баржоми суынан да арзанға шығады. Сондықтан халық үкіметтің көрсетіп жатқан көмегін оң бағытта қолданып, суды үнемдеу керек. Тіпті суды үнемдеу қолыңды сабындап не тісіңді жуып тұрғанда кранды жауып қоюдан басталады. Біз өзімізді, халықты осындай әдетке үйретуіміз керек.

    – Аудандағы орталық көшелердің шам­дары жап­-жарық. Бірақ тұрғын үй көшелерінің шамдары әлсіз. Неге?

    – Біздің ауданда 11 500 көше лампасы бар. Қазір техника дамыған. Басқа технологиялар бар. Қазір шамдардың led деген түрі шықты. Олар тоқты ескі шамнан 2 есе аз алады, бірақ жарығы ескі шамнан 2 есе көп. Қазір орталық көшелер осы led жарық шамдарымен қамтамасыз етілген. Біртіндеп көше ішіндегі шамдарды да ауыстырамыз. 2-­3 жылда түгел ауыстырамыз деп ойлаймын. Енді салынатын тұрғын үй массивтеріне тек қана led шамдарын орнатамыз.

    – Ауданда ең алғаш салынған – Маңғыстау ауылы. Ауылдағы кейбір көп қабатты үйлердің тозығы жеткен. Осы үйлердің орнына жаңа үйлер салынуы мүмкін бе?

    – Мүмкін. Жақында инвесторлар көп қабатты тұрғын үй салу мақсатында хабарласқан. №1 мектептің артындағы барак үйлерді көрсеттім. Негізі сол үйдің тұрғындары да жаңа үйге ауыстыруға ниетті. Инвесторларға жер ұнады. Енді олар өздерінің шешімін айтуы керек. Мұндай ұсыныс білдіріп жүргендер бар. Бұрын біздің ауданға инвесторлар тарапынан қызығушылық аса жоғары емес еді, әйтеуір біздің ауданға деген сұраныс артып келеді. Мәселен, аудандық аурухана жанында жеке кәсіпкер есебінен көп қабатты тұрғын үй салынып жатыр. Дәулет елді мекенінен де 5 қабатты үй салынуда. Ал осы үйлер ескі болғанымен «апатты жағдайда» деп танылған үй жоқ. Бұрын 103-­үй «апатты жағдайдағы үй» деп танылып, орнына 5 қабатты жаңа үй салынды (қазіргі 105­-үй). Осыдан 24 жыл бұрын, 1997 жылы бұл көп қабатты үйлер жеке меншікке өтіп кетті. Сондықтан әкімдік оларды күтіп ұстауға міндетті емес. Тұрғындардың өзі жауапты. Бірақ ондағы пәтердің барлығы жалдамалы. Жалдап тұрған адамдар айналасына жанашырлықпен қарай ма? Ал келеңсіз оқиға болса, айналасына қоқыс жиналса бірден әкімдікке келеді. Ол жеке меншік болған соң әр тұрғын өзі тұрған жерді, үйді күтіп, таза ұстауы керек қой.

    – Тұрмыстық қатты қалдықтарды алуды соңғы жылдары бәсекелестік ортаға бердік. Бірақ тәжірибенің өзі бәсекелестік ортаның халыққа жұмыс жасай алмайтынын ашып көрсетті. Былтырғы жылдың соңғы 5 айынан бері Маңғыстау ауылының қоқысын алуды «Маңғыстау жылу» мемлекеттік мекемесіне бердік. Жағдай тұрақталған сияқты. Бірақ басқа ауылдарда қоқыстың жағдайы қорқынышты. Мәселені қалай шешесіздер?

    – Тұрмыстық қатты қалдықтарды алуды бәсекелестік ортаға бермей тұрып әкімдіктегі жиналыстарда қоқыс туралы бір әңгіме болмайтын. 200 адамды жұмыспен қамтып отырдық. 17 арнайы техникамыз болды. Олар 2 сағатта ауылдың ішін тап­-таза қылып шығатын. Бұл жұмысты алды да бәсекелестік ортаға берді. Осы саланы кәсіпкерлерге бермесе олар аштан өлетіндей көрдік. Мен өмір бойы коммуналдық шаруашылық саласында қызмет еттім. Сондықтан бұл саланың қиындығын жақсы білемін. Осы жұмысты кәсіпкерлерге бергенде олардың жұмыс тәжірибесіне назар аудармады. Тек жеке кәсіпкер боп тіркелсе болды. Тіпті олардың көбінің техникалары да болған жоқ. Мысалы, бір ауылдың қоқысын алу жұмысына 15 миллион бөлсе, олар 5 миллионға келісіп, тендерді жеңіп алып отырды. Бірақ істеген жұмысы жоқ. Телефонын сөндіріп, хабарласпайды. Мен оларды үйлеріне полициямен іздеп барған күнім де болды. «Істей алмаймын, техникам жоқ» деп бетіңе қарап тұрады. Содан кейін амалсыздан, халықтың сұрауымен «Маңғыстау жылуға» бердік. Негізі заңда «Мемлекеттік коммуналдық мекемелерге қоқыс алумен айналысуға болмайды» деген бар. Соған өзгеріс енгіздік. Бірақ толық ауданның қоқыс шығару жұмысын «Маңғыстау жылуға» бере алмай отырмыз. Монополияға қарсы комитет әлі рұқсат бермей отыр. Сондықтан Атамекен, Басқұдық, Қызылтөбе сияқты ауылдық округтерде қоқыс мәселесі бар. Монополияға қарсы комитетке екінші рет осы жұмысты «Маңғыстау жылу» мекемесіне беру туралы хат жаздық. Олардан рұқсат болмаған жағдайда халық үшін сол комитетпен соттасудан басқа амал жоқ.

    Бір жағынан біз коммуналдық жүйені, тұрмыстық қатты қалдықты төгуді жолға қойған бірден­-бір ауданбыз. Менің өзім Жыңғылды деген ауылдың тумасымын. Онда халықтың қоқысын алып кететін ешкім жоқ. Бірақ ауылда шашылып жатқан қоқыс көрмейсің. Тұрғындар сүттің қорабы сияқты қоқысты отқа жағып жібереді. Біздің ауданда халықтың басым бөлігі келісім шартқа отырса да коммуналдық қызметке ақша төлеуден қашады. Аса қымбат та емес. Адам басына 200 теңгеге де жетпейді. Асылында бізде төлемді уақытылы жасау әдебі, жауапкершілік қалыптаспаған. Шет елдерде төлемді бір күн кешіктірсе суын, жарығын ажыратып тастайды. Барлығы автоматтандырылған. Біздің халық айналдырған аз ақшаны, түптің түбінде өзі қолданған дүниенің ақысын төлеуден қашады.

    – Мұнайлы ауданы тағы қандай мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, жоба ұсынып жатыр?

    – Біздің аудан мемлекеттік бағдарламалардың бірде біреуінен қалыс қалып жатқан жоқ. Мысалы, «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында барлық ауылдарды 80% сумен қамтамасыз ету жоспарланған болса, біз 100% орындадық. «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша да біздің ұсынысымыз көп. Маңғыстау-­5 тұрғын үй массивінің артынан 30 үй салынып жатыр. Одан кейін тағы 30 үй және мектеп салынады. Былай қарасаң бұрынғы Маңғышлақ стансасы секілді тұрғын үй массиві пайда болады. Біз секілді үй салып жатқан аудан жоқ. Пандемия кезінде «Жұмыспен қамту» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғындарды жұмысқа орналастырдық. Барлық мемлекеттік бағдарламаның игілігін ауданның көркеюіне тартып жатырмыз. ­

    - Сұхбатыңызға рақмет!

    Сұхбаттасқан Тойгүл НҰРЖАНҚЫЗЫ.

    1483
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Сұхбат аудан тынысы мұнайлы
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Дені сау ұрпақ дені сау анадан туады

    Келесі жаңалық

    Туризм мен құрылыс саласы мамандарға зәру

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Мемлекеттік бағдарламалар орындалуда

      [ 2021 ] 22 наурыз, 18:24
      1484

      Білім беру ұйымдарына қамқоршылық кеңес не үшін қажет?

      [ 2019 ] 5 сәуір, 12:05
      2667

      Мұнайлы халқының саны 156 мыңға жуықтады

      [ 2018 ] 27 шілде, 05:42
      1463

      Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы

      [ 2019 ] 14 маусым, 10:06
      1676

      Жол қателікті кешірмейді: Мұнайлыда көлік жүргізушісі жол үстінде апаттық ахуал туғызған

      19 тамыз, 11:11
      1674

      Мұнайлыда Халықаралық Жастар күні атап өтілді

      12 тамыз, 10:48
      1801

      Рубрикалар

        БайқауДенсаулықҚазақстан жаңалықтарыБайланыс мәліметтеріЖарнамаСпортБейнеуМәселе

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайындалды

      5 қыркүйек, 15:39
      2673

      Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілді

      27 тамыз, 09:38
      3277

      Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешеді

      26 тамыз, 09:57
      1133

      Жармыш ауылында 153 үйге газ желісі тартылды

      25 тамыз, 14:47
      1196

      Нұрдәулет Қилыбай “Онды бағының” жай-күйімен танысты

      25 тамыз, 13:10
      3259

      Үштаған ауылында полиция пункті ашылды

      25 тамыз, 13:09
      1186

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»