• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 10 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілд...

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешед...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

  • USD: 478.89 ₸
  • EUR: 528.74 ₸
  • RUB: 5.29 ₸

Білім беру ұйымдарына қамқоршылық кеңес не үшін қажет?

[ 2019 ] 5 сәуір, 12:05  |  Қоғам

©

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесінің маңыздылығы қандай? Кімдер мүше бола алады? Нендей жұмыстарды жүргізіп, орындайды? Жетім және ата-аналарының қамқорлығынан тыс қалған балаларға қандай көмектер жасайды? Міне, осындай көкейкесті сұрақтарды Мұнайлы аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Жұлдыз Қашқынбаеваға қойып, жауабын оқырмандар назарына ұсынып отырмыз. – Ең алдымен қамқоршылық кеңес қандай ұйымдарда құрылатынына тоқтал­саңыз? – Қамқоршылық кеңес Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Ішкі істер министрлігіне, Прокуратура органдарына, Қорғаныс министрлігіне және Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы, медициналық және фармацевтикалық оқу орындарына, мемлекеттік емес білім беру ұйымдарына, сондай-ақ акционерлік қоғам нысанында құрылған мемлекеттік коммерциялық емес білім беру ұйымдарын қоспағанда білім беру ұйымдарында құрылады. Білім беру ұйымдарынан білім беру мекемесінің дамуына қолдау көрсету, аудан аумағында жұмыс істейтін басқа ұйымдармен оның байланысын нығайту, заттай және ақшалай қаржыларды тиімді пайдалану мақсатында аудандық білім бөлімінің 21.09.2017 жылғы №163-нқ бұйрығымен білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесі құрылды. Сонымен қатар жаңа оқу жылында №13 мектеп-гимназиясы мен №14 орта мектебінің ашылуына байланысты жоғарыда аталған бұйрыққа 20.08.2018 жылғы №142-нқ бұйрығымен өзгеріс енгізілді. – Білім беру ұйымдарында қамқор­шылық кеңестің сайлау тәртібі қалай жүзеге асырылады? – Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы өзінің интернет қорында немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы туралы хабарландыру орналастырады. Хабарландыру қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Сонымен қатар ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. – Көпті қызықтыратын сауал. Қамқор­шылық кеңестің құрамына кімдер мүше бола алады? – Қамқоршылық кеңес құрамына мына тұлғалар мүше бола алады, атап айтсақ:
  • Жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
  • Жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
  • Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
  • Ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
  • Қайырымдылық жасаушылар (бар болса).
  • – Қамқоршылық кеңес мүшелері неше адамнан құрылады және олардың өкілет­тік мерзімі қанша жылды құрайды?– Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады. Мемлекеттік орган өкілдері болып саналатын қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны үштен аспауы қажет. Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. – Кеңес төрағасы мен хатшысын кім тағайындайды?– Қамқоршылық кеңестің отырысында ашық дауыс беру арқылы дауыстар басымдылығымен сайланатын (қайта сайланатын) оның төрағасы қамқоршылық кеңесінің басшысы болып есептеледі. Ал қамқоршылық кеңестің хатшысы сол білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасынан тағайындалады және ол қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайды. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың өкілдері де қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланбайды және оның міндеттерін жүзеге асыра алмайды. – Білім беру ұйымындағы қамқоршылық кеңестің өкілеттілігі қандай?- Олар мыналар:
  • Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
  • Білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
  • Білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;
  • Қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шараларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
  • Қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;
  • Білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;
  • Тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
  • Орта білім беру ұйымдары басшысының лауазымына үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі;
  • Білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөніндегі шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;
  • Білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;
  • Білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологін қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.
  • – Қамқоршылық кеңестің жұмысы қандай жағдайда тоқтатылады?– Қамқоршылық кеңестің жұмысы: тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша білім беру ұйымын таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты жүзеге асырылады. Ал қамқоршылық кеңестің мүшелері – өз бастамасы бойынша отырыстарда себепсіз қатарынан үш рет болмауына байланысты қамқоршылық кеңестің құрамынан босатылады. Осыған байланысты «Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығына сәйкес білім беру мекемелерінде ұйым қызметінің тиімділігін, айқындығын және ашықтығын, қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің құрамына мүше боламын деген ниет білдіруші тұлғаларды Мұнайлы ауданы, Дәулет ауылдық округі, 24 орам, 55 ғимаратта орналасқан «Мұнайлы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақырамыз. Біздің байланыс нөмеріміз: 8(7292)34-98-05, , . – Сұхбатыңыз үшін рахмет!

    Сұхбатты жүргізген Д.ХАНСҰЛТАН

    2658
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам сұхбат аудан тынысы мұнайлы
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Баспаналы болу - бір бақыт

    Келесі жаңалық

    Жаңаөзенде зияткерлік ойындар фестивалі өтті

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Білім беру ұйымдарына қамқоршылық кеңес не үшін қажет?

    [ 2019 ] 5 сәуір, 12:05
    2659

    Мемлекеттік бағдарламалар орындалуда

    [ 2021 ] 22 наурыз, 18:24
    1478

    Мұнайлы халқының саны 156 мыңға жуықтады

    [ 2018 ] 27 шілде, 05:42
    1459

    Мұнайлы ауданында "Менің атым - Ұзақбай..." атты жыр кеші өтті

    [ 2023 ] 24 сәуір, 17:47
    1788

    “Түнгі қаладағы жасөспірім”: Мұнайлыда 118 құқықбұзушылық анықталды

    [ 2023 ] 13 ақпан, 15:48
    1331

    Мұнайлы полицейлері ұрлық жасады деген күдіктіні жарты сағатта ұстады

    [ 2022 ] 15 қазан, 10:34
    1679

    Рубрикалар

      Анықтама бюросыБейнеуҚұқықҚазақстан жаңалықтарыМәселеАНТИКОР

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
    2718

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
    2389

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
    2226

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
    2950

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
    2588

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
    2440

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»