©
Көктемнің шуақты мерекелеріне орай Р.Өтесінов атындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде дойбы, шахмат, тоғызқұмалақтан зияткерлік ойындар фестивалі өтті. Жарыс ерлер мен әйелдер арасында жеке сайыс ретінде ұйымдастырылды. Тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат ойындары тапқырлық пен шыдамдылықты, терең және логикалық ойлауды қажет ететін ақыл-ой спорт түрлері. Мұнда спортшыдан аса бір физикалық күш талап етілмесе де, басқа спорт түрлерінен анағұрлым күрделірек. Бұл жерде, ой мен шешімді жылдам әрі дұрыс табу үлкен рөл атқарады. Осы мақсатта, яғни ақыл-ойды дамытып, шеберлікті шыңдау үшін ұйымдастырылған жарыс нәтижесінде төмендегідей спортшылар жеңіске жетті. Дойбыдан ерлер арасында: Әйелдер арасында: І орын Жамбыл Атаниязов І орын Анар Жалғасбаева ІІ орын Ақниет Ермеков ІІ орын Айдана Достанова ІІІ орын Михаил Альмакаев ІІІ орын Алмагүл Тайшаева Шахматтан ерлер арасында: Әйелдер арасында: І орын Еркебұлан Өтенова І орын Асылхан Арықбаева ІІ орын Мақсет Авезов ІІ орын Арай Темірбекқызы ІІІ орын Қуаныш Жауынбаев ІІІ орын Айым Амангелді Тоғызқұмалақтан ерлер арасында: Әйелдер арасында: І орын Аңсар Абаев І орын Ақкенже Жұмабаева ІІ орын Алдоңғар Данияр ІІ орын Айым Амангелді ІІІ орын Тимур Оразбаев ІІІ орын Ақмарал Тұрсынбаева Жеңімпаз спортшылар арнайы диплом, медальдармен марапатталды.Жаңаөзен-Ақпарат
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="76950,76953,76951,76952,76954"]