• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 11 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы

    [ 2019 ] 14 маусым, 10:06  |  Сұхбат

    Маусым айының үшінші жексенбісі елімізде медицина қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Осыған орай біз Мұнайлы аудандық орталық ауруханасы директорының медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі орынбасары, жоғары санатты педиатр Зияда Баймбетовамен аз-кем сұхбаттасқан болатынбыз. ─ Зияда ханым, мамандығыңыз, жұ­мыс тәжірибеңіз, саладағы жаңалықтар жайында айтсаңыз. ─ Мен Ташкент педиатрия медицина институтын 1981 жылы бітірдім. Еңбек өтілім 38 жыл. Мұнайлы ауданына келгеніме 11 жыл болды. Мұндағы бастапқы жұмысым Басқұдық ауылындағы БМСККО-ның аға дәрігерлігінен басталды. 2018 жылдың шілде айынан бастап директордың медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі орынбасары болып ауыстым. Еңбек жолымда Мұнайлы ауданының педиатр дәрігері болып жұмыс жасадым. Балалар денсаулығының сақталуында еңбек етіп, жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік деп айта аламын. Мысалы, 2018 жылы Басқұдық ауылында бала өлімі 5,1 пайызға дейін түсті. Қазіргі таңда аудан көлеміндегі барлық медициналық қызметтердің сапасын стандартқа сәйкес жасалуын бақылаймыз. Бізде медициналық қызметтер сапасын сақтау бойынша эксперт дәрігерлер, санитарлық жағдайды бақылайтын эпидемиолог дәрігерлер және біздің барлық көрсеткіштерді көрсетіп отыратын медициналық статистика бөлімі, сонымен қатар дәрімен қамтамасыз етуді зерттейтін клиникалық фармаколог біздің құрамымызда жұмыс жасайды. Жалпы, амбулаторлық деңгейде 11 мекеме, соның ішінде 1 емхана, 4 БМССКО, қалғандары дәрігерлік амбулаториялар. Өздеріңізге белгілі, 1 стационар және хирургия бөлімі Маңғыстау облыстық ауруханасының ғимаратында жайғасқан. Аудандық орталық емхананың құрамында инсультативтік көмек көрсететін белгілі мамандар, сондай-ақ окулист, дерматолог, эндокринолог мамандар қызмет көрсетеді. Біздің қызметкерлеріміздің көпшілігі – жас мамандар. Оларға үкімет тарапынан жатақхана бөлінді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша баспаналы болған дәрігерлеріміз де бар. Жуырда біздегі директор қызметіне Азамат Үсенов тағайындалды. Ол кісінің жұмысты ұйымдастыру жағынан көп тәжірибесі бар екендігі көрінуде. Тапсырмалардың барлығы уақытылы орындалуда. Эксперт дәрігерлер бұрын тек сапа бойынша жұмыс жасайтын болса, қазір құрам көлемі ұлғайтылды. Жұмыстың сапалы жүруіне барлығымыз жауаптымыз. ─ Мұнайлы ауданындағы медициналық қызмет са­пасын қалай бағалайсыз? ─ Бізде көшіп келушілер, көшіп-қонушылар көп. Көпшілігі пәтер жалдап тұратындықтан біздің негізгі көрсеткіштерімізге әсер етеді. Бізде шұғыл көмек көрсету үшін дәрігерге дейінгі кабинет бар. Жүректен талма болып қалуы мүмкін, қан қысымы көтеріліп кетуі мүмкін, инсульт болып қалуы немесе қызуы қатты көтеріліп кетуі мүмкін. Ондай жағдайда дәрігерге дейінгі кабинетке кіргізіледі. Емдеу шаралары шұғыл түрде жасалынады. Бірінші көмек көрсетіледі. Дәрігер сол жерге шақырылады. Егер қызуы қатты көтеріліп, үстінде бөртпе пайда болып жатса, сүзбе кабинеті бар. Ол жерде де алғашқы көмек көрсетіледі және дәрігер де сол жерге шақырылады. Ал қалған жағдайда «damumed» электрондық мобильдік бағдарламасы арқылы немесе телефон арқылы, тіркеу бөлімі арқылы жазылуға болады. Көп адамдар бұл қосымшаны түсінбей, тіркелу жағын қиындатып алады. ─ Дерттердің алдын алуда қандай жұмыстар атқарып жатырсыздар? ─ «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, салауатты өмір салтын ұстану – баршамызға парыз. Аурулардың алдын алу үшін бізде скринингтік тексерулер бар. 30 жастан бастап жүрек-қан тамыр ауруларын ерте анықтау, онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізіледі. 18 жасқа дейінгі балаларды жыл сайын скринингтік тексеруден, әйелдерді 40 жастан бастап маммографиядан өткіземіз. Туберкулездің алдын алу үшін жыл сайын флюрографиядан өту керек. Ішек, сүт безі, жатыр мойын рактарының алдын алу бойынша скрининг жұмыстары, қант диабеті мен глаукоманың алдын алу бойынша, жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша жоспарлы түрде адамдарды тексеріп, ерте сатысында анықтап, сауықтыру жұмыстарын жүргіземіз. ─ Дәрігер ретіндегі кеңесіңіз? ─ Ішімдік ішпеу, белсенді өмір сүру, көбірек жаяу жүру. Әрбір адам күніге кемінде 30 минут жаяу жүруі керек екен. Кішкене ауру белгілері байқалса, өздігіңізден еммен айналыспай, дәрігерге қаралу керек. Дәрігерге қаралу жолдары көп. Үйіңізге шақыртуға болады немесе алдын ала жазылып қаралуға болады. Міндетті түрде өз уақытында екпемен егілу керек. Тұрақты түрде таза су ішіп жүру керек. ─ Өзіңіз қалай тамақтанасыз? ─ Көкөністермен тамақтануға, қант пен тұзды аз пайдалануға тырысамын. Салаттарды көбірек жеймін. Күнде таңертең жылы су ішемін. Балаларға фастфуд өнімдерін жеуге кеңес етпеймін. Фанта, кола, спрайт сияқты газды және энергетикалық сусындарды қолданбауға, тек қана таза суды қолдануға шақырамын. Сөз соңында айтарым, ауданның барлық ақ желеңді абзал жандарын кәсіби мерекемізбен құттықтаймын. Ел денсаулығын сақтау жолындағы тынымсыз күні-түнгі қызметтеріне табыс тілеймін. Әрдайым халық көңілінен шығып, абыройлары арта берсін дегім келеді. ─ Әңгімеңізге рахмет. Жұмысыңызға береке тілеймін. ─ Сізге де рахмет.

    Сұхбаттасқан Әсел ТАҢАТАРОВА

    1701
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    сұхбат денсаулық мұнайлы
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ораза айт – ізгілік мерекесі

    Келесі жаңалық

    Неонатолог маман: "Перзентхана - бақытқа бөлейтін мекен"

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы

      [ 2019 ] 14 маусым, 10:06
      1702

      Мемлекеттік бағдарламалар орындалуда

      [ 2021 ] 22 наурыз, 18:24
      1508

      Білім беру ұйымдарына қамқоршылық кеңес не үшін қажет?

      [ 2019 ] 5 сәуір, 12:05
      2709

      Мұнайлы халқының саны 156 мыңға жуықтады

      [ 2018 ] 27 шілде, 05:42
      1483

      Маңғыстау облыстық стоматология орталығы заманауи құрал-жабдықтармен қамтылды

      [ 2022 ] 26 мамыр, 12:40
      3663

      Мұнайлыда төрт амбулаторияға жөндеу жүргізіледі

      [ 2022 ] 18 мамыр, 16:17
      2537

      Рубрикалар

        ЭкономикаБайланыс мәліметтеріҚызық дерекҚарақияРухани жаңғыруАудан тынысыЖарнамаМаңғыстауАуыл өмірі

      Автордың басқа да жазбалары

      Мұнайлы ауданы әкімінің есебі тыңдалды

      [ 2019 ] 2 тамыз, 11:10
      1902

      Мұнайлыда жер қатынастары мәселелері талқыланды

      [ 2019 ] 3 мамыр, 05:33
      1854

      Оқушыларға еgov порталын пайдалану жолдарын түсіндірді

      [ 2018 ] 30 мамыр, 11:12
      1449

      Маңғыстауда әбіштану кабинеттері ашылды

      [ 2018 ] 20 сәуір, 12:10
      1853

      Жаңа цех жұмысын бастады

      [ 2018 ] 20 сәуір, 09:42
      1728

      Басқұдық ауылында "Ардагерлер үйі" ашылды

      [ 2018 ] 2 наурыз, 11:38
      2136

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»