Мұнайлы ауданындағы бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталықтары күрделі жөндеуден өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
Қызылтөбе, Қызылтөбе-2, Дәулет және Баянды ауылындағы дәрігерлік амбулаториялардың ғимаратына жөндеу жүргізу үшін ЖСҚ жасақтауға облыстық қазынадан 26 млн теңге бөлінген.
- Жобалық-сметалық құжаттама жасақталған соң мемлекеттік сараптамаға жолдаймыз. Сараптамадан оң қорытынды алсақ, 2023 жылы дәрігерлік амбулаторияларды күрделі жөндеуге бюджеттік өтінім береміз, - деді Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шынар Сұңғат.
Жалпы Мұнайлы ауданында барлығы 14 дәрігерлік амбулатория бар. Оның 11-і - мемлекеттік.