Жуырда №4 орта мектеп ғимаратында 10-11 сынып оқушыларына "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында электрондық қолтаңбасыз қызмет алу, egov және m-gov электрондық үкімет порталдарын пайдалану бойынша түсіндірме үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Аталған жиынға Дәулет ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері және халыққа қызмет көрсету орталығының маманы А. Агаджанов қатысты. Жиында мектеп бітіруші түлектерге электрондық қолтаңбасыз тегін 44 қызмет алу бойынша тәжірибиелік мәтінде 4 оқушыға m-gov мобильдік порталына тіркеліп, ұялы телефонға жолданатын бір жолғы жасырын сөз арқылы мекенжай анықтамасы, т.б. мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Электрондық үкімет порталының тиімділігі туралы айтсақ, біріншіден, уақытты тиімді әрі үнемді пайдалануға, екіншіден, ұзын сонар кезексіз қызмет алуға, үшіншіден, «бір терезе” қағидасы бойынша және үйде отырып ХҚКО талонды брондауға, мемлекеттік қызметтер бойынша тегін кеңес алуға, электронды түрде мемлекеттік баж салымдарын төлеуге, кез келген анықтамаларды алуға болады.
Әсел ТАҢАТАРОВА