1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай Маңғыстау облыстық перинаталдық орталықтың жаңа ғимаратында «Ағаш отырғызу» қайырымдылық экологиялық акциясы өтті. Акцияға Ақтау қаласындағы медициналық мекемелер белсене қатысты. Сонымен қатар Ақтау, Жаңаөзен, Мұнайлы ауданының тұрғындары да арнайы келді. Келушілердің ішінде көп балалы аналар, жас отбасылар, жеке кәсіпкерлер, медицина ұйымдары мен медицина ардагерлері бар.
Мұндай акция медицина қызметкерлерінің арасында бірінші рет өткізіліп отыр. Ұжымымен арнайы келіп, өз мекемесінің атынан тал отырғызғандардың айтуынша, бұл акция өлкедегі медициналық ұйымдарды біріктіре түседі.
Ұйымдастырушылар шараның басты мақсаты жұртшылық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қаланы көгалданыру, медициналық ұйымдардың маңын жасыл желекпен көмкеру, әрі жас ұрпақтың бойында азаматтық сана-сезімді дамыту екенін айтады.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суреттерді түсірген Ақерке ГАГАРИНҚЫЗЫ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="55069,55068,55067,55066,55065"]