Кеше Басқұдық ауылдық әкімдігінде "Ардагерлер үйі" есік ашты. 1 наурыз - "Алғыс айту" күніне дөп түскен шарада, ақсақалдар қауымы аудан, ауыл әкімдеріне ырзашылықтарын білдірді.
Ардагерлер үйінің ашылу рәсіміне Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Берік Біләлов, Басқұдық ауылының әкімі Өсер Тілепов, аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сара Ноғаева, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Гүлмира Себепбаева, т.б. мекеме басшылары мен ақсақалдар қатысты.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Алғысым шексіз, асыл ана!Аудандық ардагерлер үйінің төрағасы Қыдырбай Жұпбанов пен аудандық ардагерлердің кеңес мүшесі Құлжан Егізқараев жаңа ғимаратқа кіру лентасын қиып берді. Барлық қонақтар кабинетке жайылған ақ дастарханнан дәм татып, қымыздан ауыз тиді.
Концерттік бағдарлама барысында қариялар игі тілектерін жеткізді.
Әсел ТАҢАТАРОВА