Биыл Маңғыстау ауданына – 95 жыл. Мерейтой аясында ауданда түрлі ғимараттар бой көтеріп, бірнеше мәселе шешім таба бастады. Бұдан бөлек, жергілікті тұрғындардың көңіл-күйін көтеру мақсатында мерекелік концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Концертте эстрада жұлдыздары Елена Әбдіхалықова, Айгүл Қосанова, Тамара Асар, Ақылбек Жеменей, Ақмарал Арғынқызы , Марат Сафаров, Алпысбек Оңайбаев, Бауыржан Ретбаев, Мәлік Жамбылұлы, Сұңғат Жолдасбаевтар өнер көрсетіп, ауыл кешін әнге бөледі. Ауданның қара шаңырағы Шетпе ауылында өткен бұл іс-шара Орталық стадионда болды.
Сондай-ақ концерт барысында киіз үйлер тігілді. Мерекелік кешке келген аудан тұрғындарының қарасы көп болды.