Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылдың 1–ші жарты жылдығында 8 тақырыптық тексеріс жүргізген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Нәтижесінде алкоголь өнімін сақтауға және сатуға лицензиясы жоқ салық төлеушілер анықталып, 7 905 дана алкоголь өнімі тәркіленді.
Осыған орай, Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті алкоголь өнімін лицензиясыз сатуға заң жүзінде қатаң тиым салынғанын ескертеді, және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463 бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылыққа айыппұл қарастырылғанын мәлімдеді.
-“Жеке тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде - 55 380 теңге, ал лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 25 АЕК мөлшерінде – 92 300 теңге айыппұл қарастырылған. Орта кәсіпкерлік субъектілеріне 40 АЕК мөлшерінде – 147 680 теңге, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 150 АЕК мөлшерінде – 553 800 теңге.
Құқық бұзушылық 1 жылдың ішінде қайталанған жағдайда айыппұл көлемі 2 еселенеді”, - деді мамандар.