Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жасөспірімді зорлау және оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сотпен анықталғаны -
Сотталушы П. 2023 жылдың тамыз айынан қараша айы аралығында жасөспірім жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оны бірнеше рет зорлап жыныстық қатынасқа түскендігі анықталды. Оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағандығы анықталды.
Сотталушының кінәсі куәлердің берген жауаптарымен, заттай дәлелдермен, сарапшылардың қорытындыларымен және тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен толық дәлелденді.
Сот сотталушыны ҚК-тің 120-бабының 4-бөлігінде, 121-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танып, педагогикалық лауазымдарды атқару және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдармен айналысу құқығынан өмір бойына айырды. ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігін қолданып, тағайындалған жазаларды ішінара қосу жолымен, түпкілікті 22 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.