Ақтауда 8 а мен 6 а шағынаудандарының жол қиылысында JAC S5 маркалы автокөлік жүргізушісі өзге көлікке қасақана апаттық жағдай тудырған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жүргізушінің жеке басы анықталғанын айтты. Автокөлік иесі осыған қатысты әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 606-бап бойынша әкімшілік хаттама жасақталды», - деп жазылған Ақтау қалалық полиция басқармасының ақпаратында.
Дәл сондай жағдай 29 шағынауданға қарсы тас жолда тіркелген. Ваз Лада автокөлігінің иесі көлік құралын басқару кезінде апаттық жағдай туғызған.
Ол жүргізушіге ҚР ӘҚБтК 606-бап бойынша әкімшілік хаттама жасақталған.