© olympic.kz
Ақтау теннис мектебінің түлегі Бейбіт Жұқаев «Уимблдон» турнирінің іріктеу кезеңінде сүрініп, жарысқа қатысу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жерлесіміз жауапты сында франциялық Квентин Галиге есе жіберді.
Негізінен Лондондағы «Уимблдон» турнирінің іріктеу кезеңіне қатысқан қазақстандық бес теннисші финалға дейін жеткен еді.
Солардың ішінде әйелдер санатында Зарина Дияс финалда қытайлық Чжу Сян Байдан ұтылды. Ерлер бойынша Михаил Кукушкин франциялық Уго Гастонға есе жіберді. Сонымен бірге, Денис Евсеев бельгиялық Зиза Бергсуден жеңіліс тапты.
«Уимблдон» турнирінің негізгі айналымында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик пен Александр Шевченко, жұптық сында Анна Данилина мен Александр Недовесов бақ сынайды.