• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 14 Тамыз 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына пойыз қатынайтын болды...

«MAŃǴYSTAÝ» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды...

Медиация күні қарсаңында консультативтік көмек көрсетуден «Ашық алаңы» өтед...

Сүйінші! Маңғыстауда 4 мектептің түлегі түгелдей білім беру грантын иеленді...

Ақтауда түн ішінде моншадан өрт шықты...

  • USD: 479.44 ₸
  • EUR: 523.69 ₸
  • RUB: 5.22 ₸

Пандемия музей жұмысына қалай әсер етті?

[ 2021 ] 20 мамыр, 14:18  |  Сұхбат

Тамыры қат-қабат тереңге бойлаған ұлт тарихынан сыр тұнған жауһар жәдігерлер мен рухани құндылықтар ордасына, мәдени інжу-маржандардың мызғымас ошағына айналған музейлер бүгінгі күні заман талабына сай жаңғыру үрдісіне ілігіп, оң өзгерістерге ұшырауда. 2019 жылы іске қосылып, халыққа есігін айқара ашқан Ә.Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі бүгінгі таңда жұмысын жемісті жалғап келеді. Осыған орай музей директоры Сұлтанбек Құдайбергенмен сұхбат құрдық.

- Сұлтанбек Жанболатұлы, алдымен алдағы жоспарыларыңызбен бөліссеңіз?

- Халықаралық музейлер күніне орай ғимараттың кеңдігін пайдаланып, Маңғыстау өңірінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған 700-ге жуық экспонаттарды қамтып жаңа археологиялық залды жасақтадық. Әлемдік деңгейдегі археологиялық жаңалық ретінде әйгіленген «Алтын қазған» және «Қарақабақ» тұрақтарынан аршылған жәдігерлер де осында. Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай сый ретінде ұсынғалы отырған «Тарих» залы жасақталу үстінде. Залды көркем безендіру, тақырыптық-көркем жобасын дайындау секілді өзге де ауқымды жұмыстарды атқару құзыреті конкурс қорытындысына сәйкес тиісті тұлғаға табысталып, жыл соңына қарай жоба толықтай аяқталады деген үміттеміз. «Тарих» залында жалпы Маңғыстау өңірі тарихының барлық кезеңінен сыр шертетін құнды экспонаттар көрермен көзайымына айналмақ.

- Сандық технологиялар музей құрылымына қандай өзгерістер әкелді?

- Заман талабына сай музей қызметіне мультимедиялық интерактивті технологияларды кіріктіру жағы бірте-бірте қолға алынып келеді. Музей залдарында кез келген экспозияция мазмұнын сипаттайтын сенсорлы ақпараттық киоскілер, теледидарлар бар. Дегенмен Led-экрандар, жарқ-жұрқ еткен қабырғаларды жарықтандыру құралдары тым қымбат екендігін ескерген жөн. Озық үлгідегі жаңа технологияларды қолдану жоғары деңгейдегі қаржыландыруды талап етеді. Дегенмен, сандық негіздегі жасампаз дүниелерді екшеп, ерекше талғаммен қосымша көмек құралы ретінде ғана ендіру ақылға қонымды. Мәселен, Ресей музейлеріне зер салайық. Көне дәуір лебі есетін, бағзы заман болмыс-сипаты сызатсыз сақталған арнайы залдар күні бүгінге дейін жаңа технология көмегінсіз-ақ көрермен сұранысына ие.

- Пандемия музей жұмысына қалай әсер етті?

- Әрине, пандемия мәдениет мекемелерін абдыратып тастады. Дегенмен біраз уақыттан соң қызметті қашықтан жалғастыру, онлайн режімдегі түрлі жобаларды іске асыру қолға алына бастады. «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесе онлайн-концерттер ұйымдастырылды. Жекелеген мәдениет мекемелері жылдық жоспарын онлайн форматта орындады деуге болады. Бір жағынан карантин талаптары музей жұмысына жаңа серпін бергендей еді. Мазмұны жағынан бай креативті идеялар туындады. Экспонаттар жинақтап, өз реңкін, өз бояуын сіңіріп, жасампаз жобалардың дүниеге келуіне өздігінен түрткі болған қызметкерлер бар. Санамалап жатудың қажеті жоқ. Көзі қарақты оқырман музейдегі басты жаңалықтар туралы әлеуметтік желідегі парақша мен сайттан оқып, біле алады.

- Сіз басшы ретінде келушілер санын көбейту үшін қай бағытта жұмыс істейсіз?

- Бағыт – біреу, халықты музейге келтіру, қолда бар мәдени құндылықтардан ажырап қалмау. Халық музейге келгенде өткеніне көз жүгіртіп, таным-түйсігі мен көзқарас көкжиегін кеңейту үшін келеді. Түрлі әдіс-тәсілдерді, жаңа форматтарды бір арнаға ұштастырып, ортақ синтезінен ел үшін де, музей үшінде кәделі дүниені туғызып, іске асыру қажет. «Арық айтып, семіз шық» демекші жаңа жобаларды жүзеге асыру және оның нәтижесін саралау - алдағы уақыт еншісінде.

- Экспонаттар қорын молайту жағы қай деңгейде?

- Музейдегі экспонаттар жоғарыда атап өткендей түрлі қазба жұмыстарының нәтижесінде жинақталды. Музей қызметкерлері де өз бетімен экспедициялар ұйымдастырып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ жыл сайын «Музейге сый» және «Жәдігерлер жерде қалмасын» деген акциялар ұйымдастырылады. Қазір көбі «дүниені ақша билейді» деген түсінікпен өмір сүреді. Ұлттық құндылықтың қадір-қасиетін қаражатпен бағамдайтын жандар кездесетіндігі рас. Оларды да сөге алмайсың. Дегенмен ерікті түрде отбасылық жәдігерлерді музей қорына табыстайтын жандардың есебінен де экспонаттар легі толығып жатыр.

- Бүгінде қолыңызға түспей жүрген экспонат бар ма?

- Көптен көкейімде Мұрын жырау Сеңгірбекұлының домбырасының көшірмесі жырау есімімен аталған музей төрінен орын алса деген арман жүр еді. «Сабақты ине – сәтімен» демекші музей жетекшілігін тізгіндеген тұста бұл іс те оңынан орала түсті. Төкен Танаұлы Жұмағұлов есімді азаматтың қолдау-көмегі арқасында бұл асыл олжа құнды мұра қазынасына қосылды. Ендігі кезекте ұлттық руханият пен мәдениет жанашыры әрі киелі түбектің төл тумасы ретінде аса көрнекті, адуынды жырау Мұрын Сеңгірбекұлының, Сәттіғұл Жанғабылұлының жанды дауысын тапсам деген ізгі мұрат бар. Жуырда ғана атақты музейтанушы Есбол Өмірбаевтың жанды дауысы музейдің ғылыми хатшысы, музей ардагері Тамара Қалмырзақызы апамыздың архивінен табылып, көптің көзайымына айналған еді.

- Оқырманға айтар тілегіңіз?

- Музей тек мемлекеттік мәдени мекеме ғана емес, сіз бен біздің ортақ тарихымыздың айнасы. Ұлттық-мәдени мұралар арқылы тарихымызға бойлап, өткенімізге тәу етіп, бүгінімізге тәубе жасайық.

Голрох ЖЕМЕНЕЙ

2134
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Сұхбат
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Интернет алаяқтарының арбауынан сақ болыңыз!

Келесі жаңалық

Сыбайлас жемқорлық деректерінің алдын алу маңызды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Ердос Жаңабергенов: Олимпиадада 57 келі салмақ Махмұд Сабырханға ауыр болады

    29 шілде, 10:05
    339

    Маңғыстау облысы – ҮЕҰ-ны гранттық жүйе арқылы мемлекеттік қолдау көрсететін көшбасшы өңір

    26 шілде, 18:33
    451

    Жұмабек Сапарбаев: Мектеп психологтарына жаңа методика қажет деп ойлаймын

    25 шілде, 12:30
    334

    Маңғыстау облыстық филармониясының директоры Данияр Сағынғалиұлы: Рухани азық алуға асығыңыздар

    17 маусым, 16:05
    564

    Маңғыстау туризмінің басты түйткілі - инфрақұрылым

    24 мамыр, 09:20
    337

    Серік Сариев: Би – пенделік дүниедегі ең дұрыс таңдауым

    21 мамыр, 16:32
    365

    Рубрикалар

      КомплаенсЭкономикаҚоғамМәселеҚұқықТүпқарағанӘлем жаңалықтарыанонсСұхбатМәдениет

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстауда Өзен және Қарамандыбас кен орындары қайта қалпына келтіріледі

    Бүгін 11:48
    50

    Маңғыстауда жастар апталығы аяқталды

    Бүгін 11:06
    61

    Маңғыстауда алпыс мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

    Бүгін 09:37
    81

    Нұрдәулет Қилыбай Париждегі паралимпиадаға қатысатын спортшыларға сәттілік тіледі

    Бүгін 09:32
    86

    Ұлыбританиялық Карл Бушби серіктерімен бірге Ақтаудан Бакуге ашық теңізде жүзіп бармақ

    Бүгін 09:14
    84

    Жұмыспен қамту: Ақтауда мұғалімдерге арналған ашық есік күні өтті

    Кеше 18:04
    173

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»