• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 25 Шілде 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Күйеуі пышақтаған әйел жүктіліктің оныншы аптасында болған...

Маңғыстауда «AMANAT» партиясы төрағасының орынбасары тағайындалды...

Маңғыстауда жаңа су құбырының құрылысы басталды...

Ақтауда «Жаныңда жүр жақсы адам» байқауының жеңімпаздары анықталды...

Футболдан Англия құрамасы Еуро-2024 финалына шықты...

  • USD: 474.09 ₸
  • EUR: 514.01 ₸
  • RUB: 5.48 ₸

Хиджабқа оранатын емес, қоғамдық сананы оятатын кез келді

[ 2018 ] 2 тамыз, 07:55  |  Сұхбат

"Қазіргі таңда қоғам мен мектеп арасында хиджаб мәселесі жиі қозғалуда. Өзге ұстанымдағы қандастарымыз зайырлы мемлекеттің заң талаптарын елемей, қыздарын жалпы білім беру ошақтарына тұмшалап жіберуі көпшілік тарапынан талқыға айналғаны да мәлім. Бір қызығы балиғатқа толмай басына «қара жамылған» қаракөздерді қолдайтындар да бар. Ұлттың ертеңін ойлап, улап-шулағандар да жетерлік. Мәселенің мәнісін философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетайдан сұраған едік", - деп жазады «Ақ жол» газеті.

- Досай Тұрсынбайұлы, соңғы кездері елімізде қыз балалардың ба­сына орамал тарту мәселесі жиі көтеріліп жүр? Неге бұл ахуал ушығып кетті?

– Ол рас, орамал тарту емес, хиджаб қоғамдық санаға елеулі қайшылықтар алып келгені жа­сырын емес. Егер орамал тарту діни танымдық мәселе ретінде көрініс берген болса, оның жара­сы жеңіл. Сауатын ашу, діни не­гіздерін көрсету арқылы танымын кеңейтіп, ағартушылық жолмен шешкен болар едік. Негізінен бұл мәселе төңірегінде бұқаралық ақпарат құралдары мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, мақалалар жарық көрді. Бірақ халық арасында қоғамдық санаға әсері байқалмайды. Енді оның себептерін анықтауға ты­рысып көрейік.

Біріншіден, қазіргі БАҚ ішінде осы құбылысты іздеп жүріп жари­ялайтын тенденциялық әрекеттер байқалады. Демек, осы тақырыпты үдетіп жазу туралы әлдекімдерден тапсырма болуы әбден мүмкін. Бұл тапсырыс біздің қоғамның ішкі тұрақтылығына сызат түсіргісі ке­летін сыртқы саяси күштерден бо­луы ықтимал.

Діни тұрғыдан алсақ, алты жа­сар қыз баланың Алла алдында ешқандай жауапкершілігі жоқ. Сондықтан ол баланың осы жаста діни ерекшелігін көрсетіп, сынып­тастарынан оқшаулануы – дінімізге де, ділімізге де, заңымызға да қарсы әрекет. Енді осы әрекетті сол бала жасап отырған жоқ, оны тәрбиелеп отырған ата-анасы. Оған оның еркі де, санасы да, ақылы да, ішкі діни сезімі де жетпейді. Бұл ата-анасының баласын құрал қылуы, сол арқылы еркін заңға қарсы екендігін, зайырлылық талаптарын мойындамайтындығын көрсетіп отыр.

Біз – ислам арқылы мәдени болмысқа айналған, ұлттығымызды қалыптастырған, дәстүрлі мемле­кеттілігі мен тарихи тәжірибесі бар халықпыз. Кеше ғана мұсылман болған ел емеспіз. Қазіргі қоғамдағы сәлафилік емес тенденция осы жоғарыда айтылғандардың бәрін жоққа шығарып, діндарлар арасында теріс психологиялық пиғыл қалыптастыруға мұрындық болып отыр. Бұл үдеріс отбасы институтын зайырлы қоғамнан оқшаулау, имма­нентті мәндегі ішке бүріну, қоғам талабына немқұрайды қарау, заңды елемеу, кеңістік пен уақыт үндестігі үйлесімділігіне қатыспауды өз құралдарының ерекшелігі мен сипаты ретінде сомдап жатыр.

Исламда жынысына қарамастан, ер ме, әйел ме, жаратылысынан тең, бір рухтан шыққан. Біреулердің не­гіздеп жүргеніндей, исламда әйел еркектің қабырғасынан жаралмаған. Алла алдында тең болғандықтан да исламда әйел мен еркекке бір­дей білім алу парыз етілген. Бұл білім алудың мазмұны да сол уақыт пен кеңістіктің талабына сай болуы қарастырылған. Бүгінгі жаһанданған дүниеде білім алу мазмұнында, еліміз басқалармен те­резесі тең болу мақсатын көздеген болса, Ханафи мазхабы да бұл шарт­ты қолдайды. Еліміздің білім беру жүйесі зайырлы сипатта, бұл – шарт.

Зайырлылықты Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев құндылық ретінде танытты. Ал құндылық – аксиологиялық тұрғыдан құрметтелуі тиіс тұғыр. Сондықтан алты жасар бала ғана емес, балиғатқа жеткен, орта мектепте оқитын кез келген жасымыз діни атрибуттарды желеу етіп, мемлекеттік мекемеде оқшаулануына, дарала­нуына, ерекшеленуіне жол беріл­мейді. Кез келген жас мектептен білім алуы шарт, мемлекеттік мін­детті білім стандартынан аттап кете алмайды. Зайырлылық ұстанымы бұл мәселені де шешіп қойған, діни атрибуттармен білім алатын арнайы мектеп, оқу орындары бар. Ал мек­тепті бітіріп шыққан соң, ол азамат әрі қарай жоғары білім ала ма, алмай ма, өз еркі.

Ерекше ескеретін жайт, мек­теп, отбасылық құндылықтар мен зайырлы талаптарды еліміздің ертеңі болатын болашақ жастарға педагогикалық стандарттарды қалай, қандай жолдармен сіңіру төңірегінде жеті ойланып, мың толғанып шешу керек. Қазіргі мек­теп қабырғасында жүріп-ақ жүкті болып қалатын, «жүкті қылып қоятын «бала-әке», «бала-шешелердің» белең алуы ата-ананы алаңдатпай қоймайды. Ата-ана баласын діни танымдық шеңберлерге тыққысы келетіндіктері де қазіргі мектепте­гі осындай келеңсіздіктерден бо­луы ықтимал. Яғни мектепте білім беру мен тәрбие жұмыстары өзара қабыспай жатыр деген сөз. Міне, ата-ана осындай сенімсіздіктен діни психологиялық күйзеліске түсіп, ба­ласына мына қоғамның білім беру жүйесіне параллель «пананы» діни танымнан іздеуі табиғи жайт болса керек. Бұл ата-ананың үрейі балаға ауысқанда, қандай қос үрей пайда болатындығын психологтар жақсы түсінсе керек-ті. Содан ортада зардап шегетін бала болып қала береді.

Түптеп келгенде, қыз баласын мектепке жібермей қоюдан, ата-ана­сы сенімді болғанымен, болашақта ол қыз қоғамға да жиіркене қарауы ықтимал. Күдік, үрей, қорқу, өкіну, жек көру, соңында режімге қарсы тұру психологиясының бұлағы екендігін есте сақтағанымыз жөн. Бұл психология сейілмесе, қоғамда уахабилік тенденция өршімесе, әлсіремейді. Оларға осы тұс нағыз азық, нағыз «сыныққа сылтау» болып қала бермек. Нәтижесінде мұндай қоғамда діни таным ғылыми танымға қарағанда басымдыққа ие болады.

Қоғамда уахабилік тенденция «модаға» айналып бара жатыр. Ол жастардың діни танымдық сұрағынан нақты көрініс береді. Ол «Құранда бар ма?» сұрағы… Кез келген мәселе, құбылыс яки өмірдің қарапайым мысалдарына Құраннан жауап іздейді. Ең болмаса, Құран осы мәселеге қалай қарайды деп бір ұстаным, түсінік, тұжырым, таным ретінде сұраса, айналасың. Олар ұғым, қағида, ереже, заң ретінде сұрайды. Егер ұғым ретінде қарасаң, Құраннан молда, медресе, ораза, на­маз, пайғамбар, хиджаб, Құдай т.б. ұғымдарды таппайсың. Бұлардың арабша баламалары бар. Саум, са­лат, наби, расул, хумур сияқты. Сондықтан бұл тенденция біздің жастарымызды, діни киім ретінде қабылданған «араб мәдениеті мен діни танымын» қоса қабат алып келіп жатқандарынан бейхабар. Кісісі өлген жесір сияқты «қара жамы­лып», ерте қартайғысы келген қауға сақал шайх болып жүргендерге араб мұсылмандығының өкілдері екендіктерін түсіндіру қажет-ақ. Бұларға осы көріністерімен-ақ қоғамдағы «исламофобия» ескерткіштері екен­діктерін мойындату керек.

Хиджабтың артында ұлттың трансформациялануы, дәстүрдің ревизиялануы, ділдің тілімденуі келе жатыр. Қазақ мәдениетінің, салт-дәстүрінің, отбасының орталығы – ана. Уахабилік таныммен тұмшаланған қыздарымыз, болашақ аналарымыз, арабтың салт-сана­сымен де тұншықтырылып жатыр. Бұл – кешегі коммунизм идеологиясынан да қауіпті. Туыс-ағайындар осы ұстаным арқылы егер үйде ба­уыры жоқ болса, босағадан аттап кіре алмайтын жағдайға жетуіміз ғажап емес. Неге? Үйде ері жоқ. Қазақы діл кейінге шегініп барады. Бара-бара жеті ата да қалады. Себебі Құранда емшектес болмаса болды, некеге рұқсат. Осындай діни таным­мен тұмшаланған қазақтың баласы, ертең немере қарындасына басқаша көзбен қарамасына кім кепіл?

Жалпы, бұл уахабилік таным қазақтың дәстүрлі мұсылмандық түсінігі, діни танымы, ділі мен салт-дәстүрін де реставрациялағалы тұр. Қазақ – формаға емес, мазмұнға, феноменге емес, мәнге көңіл ауда­ратын халық. Енді бүгін қыздар тұмшаланбаса, фитнаға себеп бо­латын болыпты. Бұл жерде қазақ қыздарына жарасқан ұлттық киімі болғандығын айтып отыр­мыз. Егер осылай кете берсек, кез келген әйел, ол жеңге демей, қарындас демей, фитнаға себеп бо­лады дейтін болармыз. Ал Құранда әуретті жабудың ар жағында жүректі жабу тұрғандығына назар аудармайтын болдық. Сондықтан қарындастарыма айтарым, жамылғыны жүрекке салайық, алдымен білім алайық, надан болып қалмайық. Ертең анасы надан ұрпақтан қандай білімді ұрпақ, елі үшін ой толғайтын азамат шығады? Ата-аналарды да төзімділік пен шыдамдылыққа шақырамын.

– Қарап отырсақ, кейбір дін­дарлар мен оқу орны басшылары бір мәмілеге келе алмауда. Себебі неде?

– Себептеріне жоғарыда тоқталдым. Бұл мәселе екі жақтың да діни танымдық, зайырлылық тұрғысынан сауатсыздығына тіреліп отыр. Ең бастысы, бұл дау қоғам шарттарын, кеңістік пен уақыт талабын тани алмаудан туын­дауда. Жалпы ислам дінінде қыз балаға ең бірінші «білім алу парыз ба?», әлде «орамал тарту ма»? Ис­ламда қыз балаға білім алу – па­рыз. Аллаға құлшылық ету үшін де, алдындағы түпкілікті міндеті мен жауапкершілігінің шегі мен мүмкіндігі арасын ажырату үшін де білім, таным, ойлау, сана тұрады. Орамалдың да кезегі келеді сосын.

– Бұл мәселені шешудің қандай оңтайлы тетіктері бар?

– Басты тетік біздің зайырлы заңымызда нақты көрсетілген, онда «өгіз де өлмейтін, арба да сынбай­тын» тетіктер бар. Сол тетіктер қолданыстан тыс қалып қойған. Оны қоғаммен үндестікте, үйлесімділікте қолданатын мемлекеттік институт­тар мен қоғамдық діни ұйымдар арасындағы «көпірді» қайта жарақтау қажет. Екі институттың да бағыттары мен мүдделері тоғысып, бірін-бірі толықтырып отыруы тиіс. Мемлекет – әке, қоғам – ана рөлін жақсы белсенді атқарса, ортада бала да ешкімге құрал болмас деген ойда­мын…

– Әңгімеңізге рахмет!

1313
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
сұхбат мәселе
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Мұхиттың телегейін түгел қамту мүмкін емес!

Келесі жаңалық

Екпе не үшін керек?

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Интернет алаяқтарының арбауынан сақ болыңыз!

    [ 2021 ] 10 сәуір, 13:01
    2561

    Маңғыстау жұрты қандай су ішіп отыр?

    [ 2020 ] 27 ақпан, 15:04
    9511

    Қаңғыбас иттен қауіп бар

    [ 2018 ] 9 тамыз, 11:25
    2707

    Хиджабқа оранатын емес, қоғамдық сананы оятатын кез келді

    [ 2018 ] 2 тамыз, 07:55
    1314

    Маңғыстаудағы газ: Баға қайда шарықтап бара жатыр?

    [ 2021 ] 25 қараша, 19:46
    1714

    Серік Шәпкенов Маңғыстаудағы еңбек дауларын азайту жолдарын атады

    [ 2021 ] 5 қазан, 12:18
    1292

    Рубрикалар

      КомплаенсРедакцияСаясатРедакция газеттеріСараптамаРедакция ұжымыАшық қоғамЖастар бетіАНТИКОР

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
    2627

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
    2306

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
    2156

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
    2867

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
    2506

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
    2354

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»