Маңғыстау облысының 2020 жылғы қаңтар–қыркүйек аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгерістер бар. Өңірдің басты даму индекаторлары ілгерілеп, бірқатар салалардың көрсеткіштері көтерілген. Статистика департаменті мәліметтеріне сүйенсек, биылғы жылдың IІ тоқсанында тұрмыс деңгейінің сапасы халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 145 255 теңгеге жеткен. Бұл 2019 жылдың II тоқсанына қарағанда 7,8%-ға жоғарыласа, нақты табыс көрсетілген кезеңде 0,5%-ға өскен.
Ұлттық экономика
2020 жылғы қаңтар–қыркүйек айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 382 304,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 2,1%-ға жоғары. Осы жылдың 1 қазанында тіркелген заңды тұлғалардың саны 15 860 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,5%-ға арта түскен, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар 15 533 бірлік бар. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 11 097 құрады, оның ішінде 10 771 – шағын кәсіпорындар. 2020 жылғы 1 қазан күнгі жағдай бойынша облыстағы орта және шағын кәсіпкерліктерде 9 518 заңды тұлға жұмыс істейді.
Экономиканың нақты секторы
2020 жылғы қаңтар–қыркүйек айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 1 535 018,7 млн. теңгені, өнеркәсіптік өндірістің индексі 93,2%-ды, кен өңдеу өнеркәсібінде өнеркәсіптік өндірістің индексі 91,9%-ды құрады.
Ауыл, орман және балық шаруашылығының ішкі өнімінің көлемі 2020 жылғы қаңтар–қыркүйекте 14 962,6 млн. теңге, нақты көлем индексі (НКИ) 2019 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға өсіп, 101,1%-ға жеткен. 2020 жылғы қаңтар–қыркүйекте құрылыс жұмыстарының көлемі 140 122,6 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 19,6%-ға өсті. Сонымен қатар «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 92,6%-ды құрады.
Ал жүк айналымының 2020 жылғы қаңтар–қыркүйек айларындағы көлемі 6 375,8 млн. тонна шақырымды (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2019 жылғы қаңтар–қыркүйек айларының деңгейінен 7%-ға азайды.
Халық саны және тұрмыс сапасы
Статистикалық деректерге сәйкес 2020 жылғы 1 қыркүйекте облыстағы жалпы халық саны 712 мың адамды құраған, оның ішінде қала тұрғындары – 283,3 мың (39,8%), ауыл халқы – 428,7 мың адам (60,2%). Жыл басымен салыстырғанда халық саны 13,2 мың адамға, яғни 1,9%-ға өскен.
Халықтың көші-қонына келер болсақ, 2020 жылғы қаңтар–тамызды 2019 жылдың қаңтар–тамызымен салыстырғанда облысқа келгендер 18,9%-ға, кеткендер саны 22,5%-ға азайған. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері ішінде көрініс тауып жатыр. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі 91,3%-ды және 96,2%-ды құрады. Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 23,4%-ға азайды. Облысаралық қоныс аудару бойынша халық көшіқонының оң айырымы еліміздің 1 қаласында және 3 ауданында: Жаңаөзен қаласында, Мұнайлы, Түпқараған және Маңғыстау аудандарында байқалды.
Халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 2020 жылғы II тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 145 255 теңгені құрады, бұл 2019 жылғы II тоқсанға қарағанда 7,8%-ға жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,5%-ға жоғарылаған. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасында өзгерістер жоқ.
Еңбек және жұмыспен қамту
2020 жылғы ІІ тоқсанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 16,4 мың адам ды, жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына шаққанда 5,1%-ды құрады. 2020 жылғы қыркүйектің соңына жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны – 11 849 адам, экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 3,7% болып отыр. Бір қызметкерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы – 317 713 теңге, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,7%-ға жоғары екенін көрсетеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы жалдамалы қызметкерлердің саны 157,4 мың адам, оның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда 128,4 мың адам жұмыс істейді. 2020 жылдың ІІ тоқсанында ірі және орта кәсіпорындарға 3,8 мың адам қабылданған. Әр түрлі себептермен 6 мың адам жұмыстан шыққан. ІІ тоқсанның соңына қарай ірі және орта кәсіпорындарда 1,3 мың бос жұмыс орны болған. Халықаралық еңбек ұйымы әдіс-намасына сәйкес анықталатын жұмыссыздар саны 2020 жылғы ІІ тоқсанда бағалау бойынша 16,4 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі– 5,1%-ды көрсетті. Қыркүйек айының соңында жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту органдарында 11,8 мың адам ресми тіркелген. Кәсіпорындар мен ұйымдарда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 317 713 теңгені, ірі және орта кәсіпорындарда 353 339 теңгені құрады.
Тұтыну бағасының индексі
Биылғы жылдың қыркүйек айында бір қатар азық-түлік бағаларында өсім бар. Мәселен, нан, бөлке өнімдері мен жармалар – 0,2%, ет пен құс – 0,7%, шұжықтар, еттен дайындалған өнімдер – 0,7%, сүт өнімдері – 0,5%, жұмыртқа – 2,3%, май және тоң май – 0,3%, жеміс-жидектер 0,1%-ға қымбаттаған. Бағаның төмендеуі көкөністерге 3,1%-бен көрініс тапты. Киім мен аяқ киім 0,1%-ға, үй тұрмысына қажетті заттар, тұрмыстық техника 0,6%-ға, денсаулық сақтау қызметінің тарифы 1,1%-ға, көлік қызметі 0,4%-ға, білім беру 5,6%-ға қымбаттады.
Қаржы жүйесі
2020 жылғы II тоқсанда кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы нәтижесі пайда ретінде 64,4 млрд. теңге сомасында қалыптасты, бұл өткен жылғы тиісті кезеңдегі сәйкес көрсеткіштен 3,1 есе төмен. Пайдалылық деңгейі 12,2%-ды құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі – 33,1%. Екінші деңгейдегі банктердің экономика саласына салған кредиттік салымдары 2020 жылғы тамыздың соңына 402,5 млрд. теңгені құраған. Шетел валютасындағы кредиттердің үлес салмағы 6,9% болса, жеке тұлғалардың депозиттері 214,2 млрд. теңгені көрсетіп отыр.
Кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы
Биылғы қыркүйек айында кен өндіру өнеркәсібінің индексі – 99,3%. Өңдеу өнеркәсібінің бағасы 100,5%-ды құрады. Шикі мұнай және табиғи газ 0,8%-ға төмендеді. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ыстық су және ауа баптау алдыңғы айдың деңгейінде қалды. Ауыл шаруашылығы облыста тек мал шаруашылығы арқылы көрінеді. 2020 жылдың қыркүйек айында мал мен құстың тірі салмақтағы сату бағасы алдыңғы айдың деңгейінде қалды. Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 2020 жылғы қаңтар–қыркүйекке 14 962,6 млн. теңгені құрады, оның ішінде: ауыл шаруашылығы 14 241,1 млн. теңгені, оның ішінде өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі – 4 287,9 млн. теңге, мал шаруашылығының жалпы өнімі – 9 884,6 млн. теңге, ауыл шаруашылығы салаларындағы қызметтер – 68,6 млн. теңге.
Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы 2020 жылғы қаңтар – қыркүйек аралығында былайша өрбіді: өнеркәсіп кәсіпорындары 1 535 млрд. теңгеге, оның ішінде тау-кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі салаларында тиісінше 1 308,8 және 127,4 млрд. теңгеге, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен ауаны кондициялаумен жабдықтау 84,9 млрд. теңгеге тиісінше сумен жабдықтауда, кәріз жүйесінде 14 млрд. теңгеге өнім өндірді.
Тұрғын үй құрылысы
2020 жылғы қаңтар – қыркүйекте құрылыс жұмыстарының көлемі – 140 122,6 млн. теңге. Осы жылдың тоғыз айында құрылыс жұмыстарының едәуір көлемі тұрғын ғимараттар (37 905,9 млн. теңге), беріліс құрылғылары (33 312,4 млн. теңге), өзге де ғимараттар (15 951,4 млн. теңге) және автомагистральдар (13 213,4 млн. теңге) объектілерінде орындалған. Тоғыз ай ішінде 3 357 жаңа объектінің құрылысы аяқталған, олардың ішінде 3 286-сы тұрғын және 71-і – тұрғын емес мақсаттағы ғимараттар.
2020 жылғы қаңтар–қыркүйекте тұрғын үй құрылысына 60 993,1 млн. теңге қаржы салынған. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттың үлесі 16%-ды көрсетіп отыр. Айта кету керек, тұрғын үй құрылысының негізгі қаржыландыру көзінің үлес салмағы 90,8% көрсеткішпен салушылардың меншікті қаражатынан болып отыр.
Биыл пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 901,6 мың шаршы метр болса, оның ішінде жеке құрылысшылар салған 511,4 мың шаршы метрді құрайды.
Шағын және орта кәсіпкерлік
2020 жылғы қаңтар–маусымда шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъекті лерінің өнім, яғни тауарлар мен қызметтер шығарылымы 692 624 млн. теңгені құрады. Нарықтағы жұмыс істеп тұрған жұмыс істейтін субъектілер саны 2020 жылғы 1 шілдеге 53 038 бірлікті құрады. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 2020 жылғы 1 шілдеге 124 мың адамды құрады. 2020 жылғы қаңтар–маусымды 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда ШОК субъектілерінің өнім (тауарлар, қызмет көрсетулер) шығарылымының көбеюі Ақтау қаласында (123%), Түпқараған (112,1%) және Маңғыстау аудандарында (123,9%) байқалған.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер ең көп саны Ақтау қаласында (108,5%), Мұнайлы (112,4%) және Түпқараған (107,1%) аудандарында шоғырланған. Белсенді жұмыс істейтін субъектілер санының өсу қарқыны Мұнайлы (102,9%), Бейнеу (102,8%) және Түпқараған (104,1%) ауданында көрініс тапқан.
Жайық НАҒЫМАШ