Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов тұңғыш «Қазақстан Барысы», Халықаралық қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Ұлан Рысқұлды қабылдады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аймақ басшысы Ұлан Рысқұлға сый-құрмет көрсетіп, қазақ күресінің дамуы жолында еңбек етіп жүргені үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар қазақ күресін дамыту жолдарын талқылады.
Ал балуан Ұлан Рысқұл облыс әкімі Серікбай Өтелгенұлына арнайы спорттық киімін сыйға берді.
Айта кетейік, Ақтауда 4 ақпан күні басталған қазақ күресінен жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Маңғыстаулық балуандар алтын, күміс және 3 қола медальмен марапатталды. Осы ретте облыс әкімі ұлттық күресті дәріптеп, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан азаматарға алғыс айтып, жеңімпаздарды құттықтады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН