22 мамырда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.
"Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с болады.
Ал Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі» деген ұялы телефон арқылы SMS хабарлама жолданды", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына абай болуды ескертеді.
"Желді күндері шағын кемелермен акваторияға шықпағандары жөн. Себебі толқын болуы мүмкін. Жергілікті тұрғындарға елді мекендерден тыс жерге және балық аулауға шықпауға кеңес береді. Балаларды қараусыз тастамауды сұрайды", - дейді жауапты мамандар.
Сонымен қатар жаңбыр салдарынан жол тайғақ болады. Автомобильдердің әйнектері су болып, жол анық көрінбеуі мүмкін. Мұндай жағдайда жүргізушілердің көлікті басқаруы қиындайды. Сондықтан жаяу жүргіншілерге өте мұқият болуды ескертті.