Жол апатына ұшыраған екі мектеп түлегі облыстық балалар ауруханасында ауыр жағдайда жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің айтуынша, зардап шегушінің бірі травматология бөлімінде жатыр. Қыздың жамбас сүйегі сынған, жағдайы – ауыр.
«Ер бала жан сақтау бөлімінде екінші дәрежелі комада жатыр. Басына қан құйылған, жағдайы – өте ауыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған», - деді басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, кеше республикалық маңызы бар Шетпе-Сайөтес жолының 268-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан жеті мектеп түлегі зардап шекті. Екеуі санавиациямен облыстық балалар ауруханасына жеткізілсе, қалған бесеуіне аудандық аурухананың травматология бөлімінде медициналық көмек көрсетілді.