Бүгін Ақтауда Маңғыстау облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы Нұрбек Қарасайұлы есеп берді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, 2019 жылы 1,8 млрд теңгеге бизнес құқығы қорғалған.
«Атамекен» кәсіпкерлік палатасы мемлекет бюджетінен қаржы алмайды, тек кәсіпкерлердің салымы арқылы жұмыс жүргізіп отыр. Былтыр кәсіпкерлер тарапынан 250 млн теңгеден астам салым түскен. Соның нәтижесінде 1,8 млрд теңгеге кәсіпкерлердің құқығын қорғадық», - деді Н.Қарасайұлы.
Сонымен қатар есеп беру жиынының соңы белгілі бизнес-тренер Казанцевтің салық туралы семинарымен жалғасты. Жиынға барлығы 1200-ге жуық адам қатысты.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН