©
Бейнеу ауданы Сарға елді мекенінде 10 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер туған ауылына сый жасады. Бұл жолы Жангелдин атындағы орта мектептен қанат қаққан ХХХІ және Бейнеу мектеп-интернатының IV түлектері ауыл орталығына «I love SARGA» инсталляциясын орнатумен ерекшеленді.
https://www.youtube.com/watch?v=UAl_b6jSRVU- Мектеп бітіргенімізге биыл 10 жыл толды. Айтулы кезеңде ауылымызға сый ретінде осындай инсталляцияны орнатуды ұсынған едім, сыныптастарым қолдады. Бұл қазіргі уақытта кең тараған үрдіс. Бұрын қалаларда ғана болса, қазір көптеген аудан, ауылдардан байқап жүрміз. Сондықтан біздің ауылымыздың да атымен көмкерілген бұл кескін тұрса екен деген ниет болды, - дейді Жанкелдин атындағы орта мектептің 2008 жылғы түлегі Райымбек Түзелов.
Ауылдағы қос білім ордасының 10 жыл бұрынғы түлектері 23 мамыр күні ауыл тұрғындарын, үлкендердің басын қосып, инсталляцияның ашылу рәсімін өткізді. Артынша ауылдастарына кішігірім мерекелік концерт ұйымдастырып, ауызашар берді.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттер мен бейнежазбаны ұсынған Райымбек ТҮЗЕЛОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="54564,54565,54566,54568"]