Ардагер тілші алғыс хаттармен марапатталды
[ 2019 ] 21 қараша, 06:26 | Жаңалықтар
Бейнеу ауданы әкімдігінің мәжілістер залында «Рауан» газетінің тілшісі Кәрісбай Әділді зейнеткерлікке шығарып салуға арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Б.Әбілов, «Маңғыстау Медиа» ЖШС директорының орынбасары А.Шамшадинова, аудандық «Рауан» газетінің редакторы Б.Гарабаев, аудандық мәслихат хатшысы А.Улуғбанов Кәрісбай Әділге жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар облыс әкімі С.Трұмовтың, «Маңғыстау Медиа» ЖШС директоры А.Дутбаеваның және аудан әкімі Б.Әбіловтың Алғыс хаттарымен марапаттап, сый-сияпаттар табысталды. «Маңғыстау Медиа» өз ардагеріне ноутбук сыйлады. Өз кезегінде Кәрісбай Әділ «Рауан» газеті редакциясында 24 жыл тілші болып еткен еңбегін елеген облыс, аудан және «Маңғыстау Медиа» ұжымы басшыларына, ризалығын білдірді. Салтанатты жиын Бейнеудің өнерлі жастарының ән шашуымен аяқталды.
Жазира ШҮКІРБАЕВА
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="88313,88315,88314"]
2086
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.