Осыдан біраз уақыт бұрын Гүлімай Аманиязова есімді фейсбук әлеуметтік желісінің қолданушысы көгалдандыру мәселесі бойынша парақшасында жазба қалдырған еді. Өздері сатып алып отырғызған өсімдіктерінің көз алдында солып бара жатқанына шыдамаған тұрғын назын Ақтау қалалық әкімдігіне бағыттаған. Толығырақ желі қолданушысының жазбасынан оқиық:
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қоғам қайраткері Саламат Мұқашев жайлы кітаптың тұсауы кесілдіБүгін Ақтау қалалық әкімдігінде көгалдандыру, қалаға су жеткізу мәселелері жөнінде брифинг өтті. Басқосуды пайдаланып тұрғын көтерген мәселенің мән-жайын да сұраққа қостық. Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Берік Ізғалиев бұл жайттың қалай шешім тапқанын баяндап берді.
-28 шағын аудандағы жасыл екпелер бойынша, расында, азаматтар құптарлық іс-әрекет жасады. Бәрін әкімдікке артып салмай, қала халқының мұндай жұмыстарға ат салысқаны бізді қуантады. Біз ол ағаштарды егілгеннен кейін бірнеше рет суардық. Бірақ, айтып өту керек, отырғызылған ағаштың барлығы бірдей өсіп кететініне ешкім кепілдік бере алмайды. Бұл жерде де сондай жағдай. Ол аумаққа қылқанжапырақты ағаштардың жас өскіндері орналастарылды, дегенмен біраз бөлігі өсе алмай қалды. Суды да құйдық, тыңайтқышты да бердік. Сондықтан ол ағаштарды алып тастап, орнына басқасын егуге тура келді», - деп жауап берді ол.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА