Ол 40 жастағы Мұнайлы ауданының тұрғыны. Науқастың ыстығы көтеріліп, өзін жайсыз сезінген соң жедел-жәрдемге хабарласқан. Бірден карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Казіргі уақытта ол облыстық жұқпалы аурулар бөліміне орналастырылды, делінген МО қоғамдық коммуникация орталығы таратқан ақпаратта.
Науқаспен жақын байланыста болған отбасы мен өзге де адамдар ауруханаға жатқызылып, тексерілуге жатқызылды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
24.04.2020 ж. жағдай бойынша өңірде 20 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды.
Ақтауда - 11;
Жаңаөзенде - 4;
Маңғыстау ауданында - 4;
Мұнайлы ауданында - 1;
Жазылып шыққаны - 4.