11 сәуір күні ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті балықтарды қорғаудың "Бекіре" кең көлемді акциясы шеңберінде Каспий теңізінде заңсыз балық аулап жүрген әзербайжандық 4 азаматты ұстады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тексеру іс-қимылдары барысында балық аулауға арналған құрал-жабдықтар, сондай-ақ Ф-1 қол гранатасы тәркіленді.
Көрсетілген тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттары мен жарғыш құралдарын заңсыз алу, беру, қолға түсіру, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» 3-бөлігі 287-бабы және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз бұзу" 392-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.