Маңғыстаулық джитсерлер Қазақстан чемпионатынан жүлделі оралды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
26-28 ақпан аралығында Алматы қаласында комбат джиу-джитсудан өткен ел біріншілігінде Әбу-бәкір Жәнібеков пен Әлия Тлепова І орын, Гауһар Жаңабергенова мен Сабыржан Қанатбай ІІ орын алды. Ал Азамат Абаев пен Перизат Калыковаға қола медаль бұйырды.
Жүлделі топ 25-27 наурыз аралығында джиу-джитсудың файтинг және неваза жүйесі бойынша Талдықорған қаласында өтетін ел чемпионатында бақ сынайды. Спортшылар осы біріншілікте жүлделі болса Абу-Дабиде өтетін додаға жолдама алады.