17 қыркүйекте өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, саяси ғылымдар кандидаты, Мемлекеттік комиссияның мүшесі Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Өмірзақ Озғанбаев қатысты.
Айта кетейік, бұл саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия жұмыс істеген сәттен бергі бесінші кездесу. Комиссия құрамында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ғалымдар, тарихшылар мен өлкетанушылар, азаматтық қоғам өкілдері, барлығы 26 адам.
Өз сөзінде Нұрлан Ноғаев комиссия алдында тұрған басты міндет кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санатына қатысты тарихи әділеттілікті толық қалпына келтіру екенін атап өтті.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында ақталған және ақталмаған репрессияға ұшыраған азаматтардың істері бойынша үш арнайы қор құру бойынша шаралар қабылданды.