Маңғыстаулық полицейлер тұрғын көлігінен алты дана қабан мен екі дана торайды тәркіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
18 қараша 2021 жылы сағат 02:30 шамасында “Браконьер” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Бейнеу ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлерімен Бейнеу-Ақтау бағытындағы тас жолының бойында Dodge Dakota және Mitsubishi Delica автокөліктерін тексеру барысында алты дана қабан мен екі дана торай анықталды.
Аталған факті Бейнеу ауданы Полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 337-бабының 3-бөлігімен тіркеліп, тергеп-тексеру басталды.
Өзге ақпараттар тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.