Маңғыстау ауданы орталық ауруханасына компьютерлік томография аппараты сатып алынды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы негізінде, «Денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасының материалдық-техникалық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша қомақты қаражат бөлінген болатын. Соның аясында пневмонияға шалдыққан науқастарды медициналық тексеруден өткізу үшін компьютерлік томография аппараты сатып алынды. Аппарат АҚШ-та шығарылған. Құны – 268 800 000 мың теңге.
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің айтуынша, компьютерлік томография аппараты өкпесі қабынған науқастарды емдейді. Жаңадан сатып алынған аппарат тәулік бойы қызмет көрсететін медициналық ұйымға орнатылды. Алдағы уақытта диагностикалау жұмыстары қарқынды жүргізіледі.
Айта кетейік, 15 наурыздан бастап дәрігер және рентген-лаборант маманы оқып жатыр. Қысқа мерзімді оқу курсы бір аптаға жалғасады. Осы салаға жауапты екі маман бекітілді.