©
Желтоқсанның ызғарлы оқиғасын еске алғанда сыздамайтын жүрек жоқ шығар, сірә... 1982-1987 жылдары Алматы шетел тілдері педогогикалық институтының студенті едім. Желтоқсан оқиғасын өз көзімізбен көрдік, оқиғаға қатысушыларға неше түрлі озбырлықтар жасалды. Ер азаматтарды жүк машиналарына тиеп, қаланың шетінде орналасқан мал қораларға қамау, мұздай су шашу, суретке түсіріп, оқудан шығару сияқты әрекеттерге куә болдық. Дегенмен жастардың патриоттық сезімдері жоғары еді. Өзімнің жолдасым Марат Сүйеуов те желтоқсан оқиғасының куәгері. Желтоқсан оқиғасы ерді де, қызды да аямады. Алаңға тек ер жігіттер ғана емес, қайсар мінезді, батыл нәзік жандылардың қатысқаны баршамызға мәлім. Олар қиын кезде бұлыңғыр саясаттың соңында кетпеді. Елі, жері үшін соңына дейін күресті.
Оқи отырыңыз: Көзді қалай күту керек?Тәуелсіздік үшін жас өмірін құрбан еткен сол кездегі жалынды жастарымыздың қажырлы қайраты мен жастық тегеуріні нәтижесінде тоталитарлық құрсаудың тоңы жібіп, Тәуелсіздік таңы атты. Сондықтан да тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдесіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын. Тәуелсіз елдің жастарына ұлттық рух, Отанды сүйетін, білімді, тілін қадірлей білетін ұрпақ болуын тілеймін.
Cәуле БУСАХАНОВА, Желтоқсан оқиғасының куәгері