• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 26 Қаңт. 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Н.Жантөрин театрының директоры тағайындалды...

Түпқарағандық жігіт Венгрияда ұшқыш мамандығын меңгеріп жүр...

Ақтау қалалық мәслихатының І сессиясы өтті...

Теңіз жағалауынан өлі үйректер табылды (ФОТО)...

«Nur Оtan» партиясынан Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттарының тізімі жа...

  • USD: 420.67 ₸
  • EUR: 510.99 ₸
  • RUB: 5.58 ₸

Сол кездерді есіме алсам, жүрегім сыздап сала береді

[ 2019 ] 16 желтоқсан, 06:00  |  Қоғам

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі ұлт тарихында өшпес із қалдырды. Нақақтан қан төгілгеніне, жазықсыз жаза кесілгеніне қарамастан қазақтың бұғауға көнбейтін, әділетсіздікке төзбейтін ұл-қыздарының ерлігінің арқасында тәуелсіздіктің таңы атты.
Желтоқсан оқиғасы - қазақ халқының шынайы ұлттық санасының оянуы мен тәуелсіздікке қол жеткізуі де үлкен рөль атқарды. Сондықтан жыл сайын желтоқсанның 16 мен 17 аралығында Желтоқсан құрбандарын еске ала отырып, халық бостандығы мен елдігі үшін күрескен сол үшін құрбан болған ағалар ерлігіне құрметпен қарап, сол оқиғаға қатысқандармен тілдесу журналистер үшін үрдіске айналған десем де болады. Желтоқсан оқиғасының куәгерінің бірі Айсұлу Сүгірова еді. Ол 1964 жылы 2 ақпанда дүниеге келді, бүгінде Маңғыстау ауданындағы Б.Жұмалиев атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. Айсұлу 1986 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқытушы бөлімінде 5-курста оқып жүргендегі желтоқсан оқиғасының ел тәуелсіздігін жақындатуға мұрындық болғаны, кеңестік қызыл империяның іргесін шайқалтқан жалынды жастардың толқуы жайлы әңгімелеп берген болатын. Оқи отырыңыз: Туу туралы куәлікті қайта алу үшін онлайн өтініш беруге болады «1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады. Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп, алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері аралығында болды. Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың қуатын, елдік пен ерліктің мұратын танытқан көтеріліс еді. 17 желтоқсанда жастардың көбі — студенттер бейбіт шеру арқылы наразылық білдірді. Біздер сол күні оқу корпусына кірместен жиналған топпен алаңға бет алдық. «Қазақстанға қазақ басшы келсін», «Әр халыққа – өз көсемі» ұранымен көтеріліске қатысып, сәл де болса, еліміздің егемендік алуына үлес қосқаныма қуанамын. Бір өкініштісі, оқудан студенттерді қудалау басталды. Сол уақыттарда кураторымыз Алма Құралбаева барлығымызды жинап, ата-аналарың 2-3 айдан кейін оқу бітіріп келеді, деп сенім артып күтіп отыр, деп алаңға шықпауымызды өтінді. Оқу орындарымыз жаппай қоршауға алынды. Сессия кезінде милиция екі жағымыздан қоршап тұратын. Бізді дүкенге де шығармайтын, тамақты есік алдына автолавкамен алып келеді, содан тамағымызды сатып алып жейтін күндеріміз де болды. Сыртқа шықсақ, вахтершыларға есеп беріп отыратынбыз. Оқуға бара жатқанымызда корпус пен жатақхананың арасында екі жақтан солдаттар бақылап тұратын. Айтып, айтпай не керек, сол бір желтоқсанның қанды кешінде қанша жастың соры қайнады» деп ол өзінің студенттік шағында көрген желтоқсанның ызғарлы шағын күрсіне еске алды. «Желтоқсан ызғарын есімізге алсақ, жүрегіміз неге сыздайды? Себебі қаншама қазақтың қыздары шаштарынан сүйреліп, тепкінің астында қалды. Ұлдарымыз жазықсыз сотталды. Қаншама жас жұмыстан немесе оқудан жазықсыз қуылды. Міне, 1986 жылдың желтоқсаны – қазақ үшін ауыр да қасіретті ай. Өз кезегінде тәуелсіздігімізді алып, тізгінімізді өз қолымызға алғаннан кейінгі 28 жылдың ішінде әлі де болса біраз шындықтың ашылмауы, жастарымыздың жазықсыз төгілген қанының өтелмеуі жүректі сыздатып, жанымызды күйдіреді. Сол кезеңдегі жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін де сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ал қазіргі жастарды тәуелсіз еліміздің тірегі деп білемін. Тәуелсіздігіміздің тұғыры мықты болсын, жастарымыз білімді болсын» деп сөз соңында өзінің лебізін білдірді. Ұлт тағдырына өшпес із қалдырған Желтоқсан оқиғасын ойға алғанда дір етпейтін жүрек жоқ. Желтоқсан – күллі кеңестік кеңістіктегі айтулы өзгерістердің бастауы. Желтоқсан – қалғып бара жатқан қазақтың қайта оянған ұлттық рухы. Сонымен бірге бұл – өршіл намыс пен мұқалмас жігердің Қайрат, Ербол, Ләззат, Сәбира сынды жүздеген, мыңдаған жастар бейнесінде лапылдап жанған алауы. Солардың қажырлы қайраты мен жастық тегеуріні нәтижесінде бүгінде біз тәуелсіздігімізді тойлап отырмыз.

М.ЖЕБЕҚЫЗЫ

1944
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам аудан тынысы маңғыстау
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Желтоқсан оқиғасын өз көзіммен көрдім.

Келесі жаңалық

Тәуелсіздік күнінде өңір азаматтары марапатқа ие болды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

    [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
    973

    Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

    [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
    3081

    Шетпе жастары «Еріктілер жылын» қайырымдылықпен бастады

    [ 2020 ] 13 қаңтар, 14:35
    2733

    Маңғыстау ауданында оттегі станциясы жасақталды

    [ 2020 ] 5 қараша, 14:34
    1687

    Бекіре балығын үйінде сақтаған түпқарағандық тұрғын ұсталды

    [ 2020 ] 4 қараша, 14:16
    1181

    Маңғыстау: Бас имам «SMART ILIM» мектеп-гимназиясының ашылуына қатысты

    [ 2020 ] 2 қыркүйек, 14:10
    804

    Рубрикалар

      анонс Жаңалықтар Сұхбат Спорт Жарнама Мәселе Қоғам Қазақстан жаңалықтары Әдебиет Түпқараған Байқау Редакция

    Автордың басқа да жазбалары

    ҚР-ның Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің ерекшеліктері

    [ 2020 ] 25 желтоқсан, 10:22
    262

    «Kaz Fruit» жұмысымен танысты

    [ 2020 ] 24 желтоқсан, 11:27
    246

    «Адал» экологияға көңіл бөледі

    [ 2020 ] 24 желтоқсан, 11:25
    233

    Ауыл мұғалімдерімен кездесу

    [ 2020 ] 24 желтоқсан, 11:24
    346

    Алаш идеясы – Асыл мұрат

    [ 2020 ] 24 желтоқсан, 11:21
    236

    Мұнайлыда 150 төсектік аудандық аурухана салынады

    [ 2020 ] 24 желтоқсан, 11:19
    318

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»