Түпқараған ауданына қарасты Баутин ауылында жаңа мешіттің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сыйымдылығы 100 адамға шақталған мешіттің іргетасын «Талап Маңғыстау» жеке шаруашылық серіктестігі қалайды. Құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр.
«Баутин ауылында 4 мыңнан астам тұрғын бар. Тұрғындар тарапынан соңғы жылдары мешіт салу мәселесі бірнеше рет көтерілді. Өйткені ауыл тұрғындары құлшылық ету үшін 3 км жердегі Форт-Шевченкодағы орталық мешітке баратын еді. Бүгінде мешіт құрылысы қарқынды. Жобаның жалпы құны 60 млн теңге», - деді Баутин ауылының әкімі Ерік Жаңбырбаев.