Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Қарақия ауданы бойынша аудан, ауыл, ауылдық округтер әкімдерінің халық алдында есеп беру кездесулері Құланды ауылында жалғасты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қарақия ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құланды ауылының әкімі Санат Төкеновтің және Қарақия ауданы әкімі Қыдырберді Әндірұлының 2019 жылы атқарған жұмыстары мен алға қойған мақсаттары бойынша халық алдындағы есептік жиынына Маңғыстау облысы жолаушы көлігі, автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Серік Мейірманов, Қарақия аудандық мәслихатының хатшысы А. Мееров, аудан әкімінің орынбасары Б. Тұяқов және аудандық бөлім, мекеме басшылары, Құланды ауылының тұрғындары қатысты.
Аудан және ауыл әкімдерінің баяндамасынан кейін тұрғындар сұрағына жауап беріліп, ұсыныстар айтылды. Жиын әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өткен.
Айта кетейік, Құланды ауылдық округіне Төлеп елді мекені кіреді. Жалпы халық саны – 1712.
Ауыл шаруашылық саласы бойынша 90 жеке шаруа қожалығы жұмыс істейді.
Ауылдық округ бойынша – 16194 бас мал тіркелген.
Биылғы жылы Құланды орта мектебіне робототехника құрылғылары алынды.
2019 жылға қойылған мақсат-міндеттердің орындалысы бойынша:
1. Ауылды жоғары жылдамдықты интернет желісімен
қамтамасыз ету мәселесі бойынша, «ТрансТелеком» АҚ инвестициялық жобасы аясында «КомфортТел» мердігер мекемесі арқылы Құланды ауылында талшықты-оптикалық байланыс жүйесі жүргізілуде.
2. Құланды орталық саябағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Саябақ ішіне workayt алаңы, күн көзінен қуат алатын лампалар орналастырылды. Саябақ іші-сыртына брусчатка төселіп, серуендеушілерге арналған орындықтар қойылды.
3. Ауылішілік тас жолды жөндеу, жаңа мектепке дейін жол салу жұмыстары бойынша 2,7 шақырым жолға жобалық сметалық құжаттары жасақталып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, қазіргі таңда қаржыландыруға ұсынылды. Сонымен қатар, 4,1 шақырым жолға ЖСҚ жасақталып, мемлекеттік сараптамадан шықты және қаржыландыруға ұсыныс берілді.
4. 2019 жылы ауылға жалпы сметалық құны 224,094 миллион теңге болатын, 1000
куб көлемінде су сақтайтын резервуарды «Демеу ЛТД» ЖШС мекемесі арқылы салынған.