Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінде екі кезеңнен тұратын "Үздік пробация қызметкері” байқауы өткен болатын. Аудан, қалалардан 40-тан астам пробация саласындағы қызметкерлер қатысқан сайыста Қарақия аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы Нұрлан Нәдіров жеңіске жетті.
Пробация қызметі - бас бостандығынан айырмайтын жазаға кесілген немесе мерзімінен бұрын шартты түрде босаған сотталушыны бақылап және тексеріп қана қоймай, оған өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуына, білім алуына көмектесу.
Нұрлан Нәдіров осы салада 2017 жылдан, жалпы ішкі істер органдарында 2011 жылдан бері қызмет етеді. Ол қызметтік функцияларын атқару кезінде өзін кәсіби маман ретінде көрсете білген. Ауданда пробация қызметі мен жергілікті атқарушы органдар арасында өзара іс-қимыл тұрақты түрде жолға қойылған.