Қарақия ауданының Жетібай ауылында жүзден асқан үш бірдей ғасыр әже өмір сүріп жатыр.
Ж.Қапуова жаңа жылда 100 жасқа толса, Асылхан Ағишанова 103 жасқа, ал Күміс Қуандықова 104 жасқа келіп, әрқайсысынан жүздеген ұрпақ тарап, үрім бұтағы жайылған әз әжелер. Жыл жаңарып жатқан осынау мереке қарсаңында Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов аталған әжелерге құттықтау хат жолдаған болатын.
Аудан әкімі Қ.Беков бастаған атқамінерлер ғасыр куәгерлерінің үйіне барып, жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аймақ басшысы С.Өтелгенұлының құттықтау хат, ыстық ықыласын жеткізіп, кәде-сый жасады.
Әз әжелер ел алдында жүрген ұлдарына алғыстарын айтып, ақ баталарын берді. Ал айтыс ақыны Н.Қонайұлы екі ғасырдың куәсі болған ардақты аналарға арнау-жырмен сәлем жолдап, көңілдерін көтерді. Осы жасқа келгенше жақсылық пен жамандықты, бейнет пен зейнетті, қиындық пен қуанышты қатар көрген ғасыр әжелер тәуелсіз елдің қамқорлығына бөленіп, ұрпағының бақытын қызықтай бергей!
Шынар КЕНДІН