11 жастағы Шаттық Өтеулі алғашқы республикалық балалар сурет байқауында үшінші орын иеленді. Балалар жылына орай арнайы ұйымдастырылған байқауға елдің түкпір-түкпірінен 2000 оқушы қатысқан.
"Dauletten" қорының ұйымдастыруымен өткен "Jana Qazaqstan" республикалық байқауына қатысқан өнерпаздардың өнерін танымал суретші Кәріпбек Күйіков төрағалық еткен қазылар алқасы бағалаған.
Суреттер арасынан үздіктерін таңдау барысында баланың жасына сай бірегейлігі, суреттің мазмұны, жұмыстың сапасы мен қанықтығы, суретшінің идеяны іске асырудағы креативтілігі мен шеберлігі ескерілген.
Шаттық Өтеулі енді ағымдағы жылы Көкшетау қаласында өтетін республикалық суретшілер байқауының суперфиналына қатысады.