Италия мемлекетінде онлайн форматта өткен халықаралық өнер фестивалінде «Жетіген» фольклорлық аспап номинациясы бойынша қарақиялық Жадыра Әменова бас жүлдені жеңіп алды. Ол Жетібай ауылындағы Өскінбай Қалманбетұлы атындағы балалар өнер мектебінің мұғалімі.
«ORFEO IN ITALIA» деп аталатын фольклорлық аспаптар бойынша өнер фестивалі 18-35 жас аралығындағы өнерпаздар арасында өткізілген.
Жадыра Әменованың айтуынша, өнер фестиваліне қатысқан отандастарымыз домбыра, қобыз аспаптары бойынша да жүлделі орындарға ие болған.