Мұнайлы ауданының Баянды-4 ауылына электр желісі жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Баянды ауылында сегіз мыңға жуық халық тұрады. Баянды-1, 2, 3 тұрғын үй массивтерінің қатарына Баянды-4 ауылы қосылмақ. Электр 1200 га жер теліміне газ бен тоқ желісі толықтай жүргізілгеннен кейін беріледі.
Баянды ауылын электр желісімен қамтумен «Айком LTD» ЖШС айналыспақ. Келісімшарт құны - 686,049 млн.теңге.
Құрылыс ұзақтығы - 7 ай. Игерілген қаражат құны - 150 млн.теңге. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда. Газбен қамту нысаны бойынша ағымдағы жылдың сәуір айында қорытынды алынды. 2023-2025 жылдардың бюджеттік өтінімі енгізілген.
Айта кетейік, Баянды ауылдарында жаз айларында электр қуатының кернеуі төмен яғни тоқ көтермейді. Аталаған жоба толық аяқталса бүкіл ауылдың тоқ кернеуінің мәселесі шешілмек.