Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы екі ай бойы жанар-жағармай жеткізу бойынша көрсеткен қызметі үшін кәсіпкерге 800 мың теңге төлем аудармаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сыбайлас жемқорлық қызметінің баспасөзіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкер хабарлаған. Осыған байланысты ұсыныстар жіберілді. Нәтижесінде мекеме кәсіпкерге барлық қарызын өтеді.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөледі. Біз шектен тыс бюрократия, кәсіпкерлік қызметке жасанды кедергілер, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан әкімшілік кедергілер жасау сияқты мәселелерге тап болған кәсіп иелерін бізге жүгінуге шақырамыз", - делінген баспасөз хабарламасында.