Ұлы Отан соғысының қатысушысы Василий Иванович Салазкин биыл өзінің 96 жасын қарсы алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Соғыстың басталғанда Василий 14 жаста болды. Әскерге шақыру жасына жетіп, майданға аттанды. Василий Салазкин бірінші Қиыр Шығыс майданының құрамында соғысып, кіші сержант шеніне дейін көтерілген. "II дәрежелі Отан соғысы", "Қызыл Жұлдыз" ордендерімен, "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін", "Кеңес Одағының маршалы Жуков" медальдарымен марапатталған.
Ол соғыстың ауыртпалығына қарамастан соғыстан кейін жылдар бойы ел игілігіне қызмет етіп, жан жылуын да сақтай білген.
Биыл 1 шілдеде Василий Иванович өзінің 96 жасын атап өтеді.
mangystaumedia.kz редакциясы ардагерді Жеңіс күнімен құттықтап, зор денсаулық пен ұзақ өмір тілейді.