Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мен "Застава Тарландары" республикалық қоғамдық бірлестігінің шекара ардагерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына орай Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Алаңға қала тұрғындары, облыстық және қалалық әкімдіктердің өкілдері жиналды.
Маңғыстау облысының әкімі салтанатты рәсімде ел Ұлы Отан соғысы кезінде майдан даласында қаза тапқан қазақ халқының ержүрек және жанқияр ұлдары мен қыздарының есімдерін ешқашан ұмытпайтынын атап өтті.